RussianKazakh English

Виртуальная книжная выставка
«По процессам горного производства».

В фонд научной библиотеки Кокшетауского государственного университета поступили новые книги.

Среди новинок можно найти книги по всем отраслям знаний. Вашему вниманию мы представляем виртуальную выставку учебников и учебных пособий для студентов, обучающихся по специальности « Горное дело». Эти книги могут быть использованы студентами других специальностей, а также инженерно- техническими работниками предприятий и организаций, занимающихся горными работами.

Мы приглашаем Вас в нашу библиотеку для ознакомления с нашей выставкой.

 

События библиотеки

Мероприятие, посвященное памяти жертв политических репрессий

    31 мая 2018 года в рамках реализации государственной программы «Рухани жаңғыру» в...

Майдандағы хаттар

Майдандағы хаттар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, 6 мамыр күні № 1 студенттер жатақханасында «...

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Желбіре, Жеңіс жалауы! Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері қазақстандық...

20-летие Ассамблеи народов Казахстана

20-летие Ассамблеи народов Казахстана В канун празднования Дня единства народа Казахстана 29 апреля...

Сау адам – сау қоғам

«Сау адам – сау қоғам» атты кітап көрмесі сәуірдің 24-і жұлдызында № 1 Студенттер жатаханасының кіт...

Мамандық - өмір таңдауы

Мамандық - өмір таңдауы С.Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтында 10 сәуір күні 201-...

Қазақстан халықтарының менталитеті: жалпы және ерекше

«Қазақстан халықтарының менталитеті: жалпы және ерекше» дөңгелек үстелі Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 ...

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы 2015 жылдың наурыздың 18-і « №1 Студенттер үйінің » оқу залында Наурыз мерейтойы қар...

Бір мемлекет – бір халық

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында көптеген қызықты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. № 1 с...

Асыл бейне

2015 жылдың 6 ақпан күні С.Сәдуақасов атындағы аграрлы-экономикалық институт қабырғасында Е.Ф.Тушано...

  • Мероприятие, посвященное памяти жертв политических репрессий

    01.06.2018 17:58
  • Майдандағы хаттар

    14.05.2015 15:58
  • Желбіре, Жеңіс жалауы!

    08.05.2015 09:21
  • 20-летие Ассамблеи народов Казахстана

    30.04.2015 16:22
  • Сау адам – сау қоғам

    27.04.2015 15:46
  • Мамандық - өмір таңдауы

    22.04.2015 16:09
  • Қазақстан халықтарының менталитеті: жалпы және ерекше

    21.04.2015 10:29
  • Наурыз мейрамы

    19.03.2015 16:19
  • Бір мемлекет – бір халық

    24.02.2015 16:54
  • Асыл бейне

    11.02.2015 14:14

 

 Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми кітапхана туралы толық ақпарат. 




Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми кітапхананың жетекшісі

Айтманова Сәлима Ақымбайқызы 

 

  

 «… Кітап – адамзат баласына ағарту және білім сыйлайды.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап – ең сабырлы ұстаз. Саналы адам үшін кітаптан артық дүние жоқ».

 Н.Ә.Назарбаев


Кітапхананың миссиясы

Кітапхана миссиясы университеттегі оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының тиісті талаптарына сәйкес келетін өзіндік ақпараттарды жинақтау, жасау, сақтау және ұйымдастырумен, студенттерді, оқытушылар мен университет қызметкерлерін қолжетімділік, жылдамдық, ақпараттылық және жайлылық ұстанымдарына сәйкес қажеттіліктермен қамтамасыз етумен байланысты. 

 

 

Қадірлі дос!

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті атындағы ғылыми кітапхана – Ақмола облысындағы ең ірі кітапханалардың бірі. Кітапхана қоры 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 732972 дана кітапты құрайды, олардың ішінде – 254848 дана құжаттар қазақ тілінде, оның 3709-ы білімнің барлық салалары бойынша электронды тасымалдағыштарда. Жыл сайын кітапхана қорына 400 мыңға жуық қағаздағы және электронды тасымалдағыштардағы жаңа ғылыми және оқу басылымдары, сондай-ақ  Қазақстанның, Ресей мен ТМД елдерінің 300 журнал- газеттері келіп түседі.

5696 пайдаланушы кітапхана қызметін пайдаланады. Оларға 326093-тен астам кітап басылымдары беріледі.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кітапханасы 4 оқу ғимаратында және 3 жатақханада орналасқан, барлығы кітап беретін 10 орын бар. Кітапхана құрылымында 4 сектор бар. Пайдаланушылар қызметіне 2 абонемент, 8 оқу залы, оның ішінде 1 электронды ресурстар залы, каталогтар  залы, сирек кездесетін кітаптар қоры жатады.

 

Кітапхананың мақсаттары мен міндеттері:

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;

       • Кітапхана базасында университет қызметінің барлық бағыттары мен даму стратегиясына ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық-білім беру және мәдени-ағартушылық орталығын құру;

ақпаратқа қолжетімділік аясын кеңейту, ақпараттық, сервистік және өзге де қызмет түрлерін дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру негізінде кітапхана қызметін пайдаланушылар үшін жайлы ақпараттық-білім беру ортасын құру;

кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жүйесін пайдаланушылардың сан алуан топтарының, оның ішінде қашықтықтан, қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің пайдаланушы-субъектілерінің қажеттіліктеріне бейімдеу;

құжаттар мен ақпараттардағы қажеттіліктерді болжалдау, құжаттар қорын белгіленген  нормативтермен және талаптарға сай кітапхана қорының сапалы құрамына   үнемі жаңғырту; алынатын құжаттардың тақырыптық-бейнелік құрамын кеңейту;

кітапхана ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру: ақпараттық және құжаттамалық қорын, анықтамалық-іздеу аппаратын, қызметкерлердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін;

• сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне жылдам ықпал етуге қабілетті кітапхананың ұйымдық-басқару және функционалдық құрылымын жасау; кітапхананы сапа менеджменті жүйесінің ұстанымдары негізінде басқару;

• қызметкерлердің үздіксіз білім алуы мен біліктілігін арттыруға негізделген шығармашылық және кәсіптік әлеуетін арттыру, кадрларды  алмастыру және жұмыс барысындағы резерв, қызметкерлердің уәждеме жүйесі және  ынталандыру;

 

Кітапхана қоры әмбебап сипатта. Әдебиеттерді алу әр пән бойынша қажеттіліктерді есепке ала отырып жүргізіледі. Кредиттік оқыту технологиясына ауысуға байланысты оқу-әдістемелік кешендер де үнемі түсіп отырады. Ғылыми әдебиеттер қоры университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын ескере отырып толымдалады. Диссертациялар мен диссертациялардың рефераттары, заңдар жинағы, қаулылар, үкіметтік бюллетеньдер, статистикалық жинақтар, энциклопедиялар, рефераттық журналдар Қазақстан мен ТМД ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының еңбектері мен ғылыми жазбалары, ғылыми конференциялардың материалдары үлкен материалдық құндылықтар қатарын құрайды. Университет сатып алған және қоғамдық ұйымдармен сыйға тартылған төлтума отандық және шетелдік әдебиеттер топтамасы бар. Бағалы басылымдар ішінде: төңкеріске дейінгі энциклопедиялар 60 томда және Брокгауз бен Ефрон томдарында (1890-1906).

«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде кітапхана қорына көп томдық басылымдар топтамасы, атап айтсақ, орыс-қазақ тіліндегі салалық терминологиялық сөздіктер (21 том); қазақ тіліндегі «Қолжазбалардың ғылыми сипаттамасы» 22 томда; «Қазақ өнерінің тарихы» 3 томда; Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық келіп түсті. Бұдан басқа, белгілі ғалым, этнограф Ш.Уәлихановтың еңбектері 6 томда, университет ғалымдарының еңбектері  жарыққа шықты. 

Сирек кітаптар қоры, оның ішінде 18, 19 ғасырлардың және 20 ғасырдың басындағы басылымдар қоры кітапхананың ерекше мақтанышы болып табылады: Қорда төңкеріске дейінгі  ең әйгілі көп томдық энциклопедиялар,   Брокгауз бен  Ефронның 82 томда жарық көрген  сөздіктері (1890-1906) ұсынылған. Біздің қорда энциклопедиялық сөздіктің 60 томы бар. Сәбит Мұқановтың 1957 жылы жарыққа шыққан 6 томдық басылымы, Н. Ф. Дератидің 1928 жылы жарық көрген Көне Рим әдебиетінің тарихы, Лависс пен Рамбо сынды профессорлардың редакциясымен жарық көрген   XIX ғасыр тарихы бар. Оқырманды қызықтырып, тарту мақсатында үнемі тақырыптық көрмелерлер ұйымдастырылп тұрады. Сирек кітаптар бөлімінде ұдайы қолданыста болып табылатын «Ғасырлар мұрасы» көрмесі бар, ол үнемі жаңартылып, толықтырылылып отырады. Бүгінде сирек кітаптар қорында 100-ден астам кітап қоры бар. Оның мазмұнын ашу мақсатында «Сирек кітаптар коллекциясы» сілтемесі құрастырылған.

 

Кітапхананың анықтамалық-іздеу аппараты жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді және оған дәстүрлі, сондай-ақ электронды элементтерді де қосады. 1998 жылдан бастап, жаңа түскен кітаптардың электронды тізбесі жүргізіледі, «Авторефераттар, диссертациялар», «Әдебиеттердің жаңа түсімдері» сияқты библиографиялық деректер қоры қалыптастырылуда.  Қазіргі уақытта ЭК библиографиялық жазбаларының жиынтық көлемі  қазақ, орыс және шет тілдерінде 95847 (520824 дана) астам дананы құрайды. Студенттік электронды  кітапханасының (СЭК) толықмәтінді деректер қорында барынша сұранысқа ие, дана саны аз оқулықтардың, ғылыми басылымдардың мәтіндері,  мерзімді басылымдардың мақалалары ұсынылған.

 

Жаңа әдебиеттер туралы ақпараттандыру мақсатында ай сайын жаңа кітаптардың виртуалды көрсетілімі ұйымдастырылады, «Жаңа кітаптар» бюллетені шығарылады, олар ғылыми кітапхананың сайтында орналастырылған.

 

Кітапхана «КМУ ҰК-ның жылдық кітабы» атты ақпараттық көрсеткішті  шығаруды жоспарлап отыр, онда ғылыми кітапхана қорының жаңа  түсімдері туралы бюллетеньдердің деректері топтастырылады.

 

Ақпараттық-библиографиялық қызметте библиографиялық көрсеткіштер, әдебиеттер тізімін құрастырудың мәні ерекше. «КМУ ғалымдары», «КМУ ғалымдарының еңбектері» сериясының библиографиялық көрсеткіштері құрастырылуда. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де өткізілетін «Шоқан оқулары» конференциялары материалдарының көп томдық басылымдарының қосымша көрсеткіштері шығарылуда. Қосымша көрсеткіштер көп томдық басылымдарға енгізілген материалдарды неғұрлым жедел іздеу мақсатында құрастырылған. Осындай мақсатта «КМУ хабаршысы» журналы мазмұнының көрсеткішін» шығарамыз.

 

Университеттің оқу-тәрбие үдерісіне көмек көрсету мақсатында да көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ерекше назарда болды. «Ер бірлігі-ең асыл қасиет»  кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның басты мақсаты Елбасының егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен   дамуы жолындағы тарихи ролін баяндау болды, «Тәуелсіздікке 25 жыл» тұсаукесері  дайындалды, «Этникалық газеттердің қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ролі» мерзімді этномәдени бірлестігіне шолу жасалды, «Тәуелсіздік-елімнің  ерлік жолы» кітабына шолу жасалып, «Егемен  елдің ұлы мейрамы» ауызша журналы өткізілді.




 2016 жылдың 30 қарашасында ҚР Президентінің халыққа арналған кезекті Жолдауы жарық көрді. С.Сәдуақасов атындағы АЭИ-ның оқу залында Жолдау бірлесе  қаралып, талқыланды.










Оқу залында «ЭКСПО-2017 Қазақстан- ұлы дала ел» өткізілуіне арналған үнемі қолданыстағы оқу залы жұмыс істейді, «ЭКСПО-2017» мерзімді басылымдары мен мақалалардың тақырыптық картотекасы бар папка бар.

 

 

 

Кітаптардың тұсаукесерлері өткізіледі. Жоғары оқу орнының  тәжірибесі мол ең құрметті оқытушыларының бірі профессор, т.ғ.д. Қадыржан Әбуевтың «Ш.Уәлиханов және оның замандастары» кітабының тұсаукесері. 

 

КМУ ғалымдарының еңбектерін насихаттау бойынша жұмыс жалғасын табуда. Жыл сайын өлкетану, салауатты өмір салты, мәдени мұра, экология, студенттердің шығармашылығы сынды тақырыптар бойынша 25-тен астам бұқаралық іс-шара өткізіледі. Жылдың неғұрлым қызықты іс-шаралар қатарына студент жастарының бастамасымен ақын Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында өткізілген  «Өмірге  шуақ  төккен  өлең  менен» әдеби кешін жатқызуға болады. «Даланы биіктету, тауларды қорламай» тақырыбындағы кітап көрмесі Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы Олжас Сүлейменовтің 80 жылдығына  арналды, көрмеге шолу жасалды.

 

Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми кітапхана  бағынышты  құрылымдармен ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми кітапхана – Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшесі.

 

Ғылыми кітапхана – бұл білім мен мәдениетті тарату ошағы, рухани байланыс орнататын, өзінің қызмет көрсетуі барысындағы 55 жылдан астам уақыт ішінде жинақталған  бірегей қоры бар, дамыған ақпараттық технологиялары, оқырмандар үшін жасалған жайлы да қолайлы жағдайлары бар,  білікті мамандар құрамынан тұратын тұрақты жұмыс істеу қабілеті жоғары мамандары бар заманауи орталық. Кітапхананың қол жеткізген биік жетістіктері мен зор табыстары оның бар ұжымының жемісті еңбегінің арқасында.  Ұжым мүшелері жігерлі,  шығармашылық жоспарлары мол және кітапхана жұмысының заманауи талаптарына лайық болу үшін бәріне де дайын.   

Жұмыс уақыты:

Абонемент

9.00-18.00
сн.9.00-13.00
демалыс: жексенбі

Оқу залы

9.00-17.00
жб.9.00-13.00
демалыс:жексенбі

месяца

 

БҮГІНГІ КІТАПХАНА – бұл 4 бөлімше:


(174 Голосов)

.

.

.

Көкшетау қ-сы, Темірбеков к-сі, 30,

тел. 8-7162-40-26-83, e-mail: biblioteka_kgu@mail.ru

All rights reserved

2017

.

Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!
.

.

.