Перейти к основному содержанию
x

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» білім беру бағдарламалары тобына кіретін тұлғалар үшін ақпарат

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша қабылдау жүргізетінін хабарлайды. 23.04.2018 жылғы Лицензия № 12019134.  
5B130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша  жоғары және арнайы жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылдың 31 шілдесіндегі № 647 бұйрығы (ҚРДСМ 2017 жылдың 17 шілдесіндегі №530 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) оқу мерзімі төмендегідей:
-    5 жыл (медицина бакалавры академиялық дәрежесі беріледі) және 2 жыл интернатура (дәрігер біліктілігі тағайындалады) хирургия, терапия, жалпы практика дәрігері, акушерлік және гинекология бағыттары бойынша.
5 жыл + 2 жыл интернатураны аяқтаған түлекке дәрігер біліктілігі тағайындалып, жоғары медициналық білімі туралы диплом, интернатураны бітіргені туралы куәлік және оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары мен бағалары көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі. Оқуын аяқтаған (5+2) түлекке заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес дәрігер ретінде жеке практикалық қызметке кірісуіне рұқсат беріледі.
           5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша болашақ медицина мамандарының  даярлығын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар  жасалған:
- профессор-оқытушы құрамы жасақталды;
Кабинеттер мен зертханалар жабдықталды:
-  заманауи жоғары технологиялық құралдармен, муляждармен және фантомдармен жабдықталған, компьютерлік тұрғыдан қамтамасыздандырылған симуляциялық кабинеттер; анатомия және физиология; патологиялық анатомия және физиология; цитология және гистология; эксперименттік психология; тілдік даярлық, лингафон кабинеті;

-  медицинадағы 3D технологиялары,   электр, оптика және биофизика;  ЯМР спектроскопия; биологиялық химия; органикалық және биоорганикалық химия;  су сапасы; микробиология, ғылыми-зерттеу зертханалары және т.б.
- тәжірибеден өту үшін және оқу сабақтарын жүргізу мақсатында медициналық ұйымдардың клиникалық базаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
- оқу түрі –  күндізгі
-  оқу тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары арнайы білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар:
-    жалпы орта білім,
-    техникалық және кәсіптік білім,
-    орта білімнен кейінгі білім.

140520181706_1.jpg

140520181706_1.jpg

140520181706_1.jpg

140520181706_1.jpg

140520181706_1.jpg

140520181706_1.jpg