Магистратура - білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары екі бағытта жүзеге асады:
· ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша 2 жыл нормативті оқу мерзімімен және теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
· бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен және теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту.
Магистратураның бағдарламалары мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз ете отырып, түлектердің кейін ғылыммен, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметтермен табысты айналысуына мүмкіндік береді.
Магистратурада оқу белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді, жетекші мамандардың жетекшілігімен ғылым мен өндірістің басымды салаларында ғылыми жобаларға қатысуды жобалайды.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен 5 мамандық бойынша магистратурадағы екі дипломды білім беру бағдарламасы енгізілген. Оқуға түсушілер бір уақытта екі университетке тиісті түсу сынақтарын тапсырады және Университеттердің қабылдау ережелеріне сәйкес құжаттарын тапсырады. Оқу мерзімі – 2 жыл (әр ЖОО екі семестрден). Бітірушіге Қазақстан Республикасының БҒМ және Ресей Федерациясының БҒМ-нің мемлекеттік үлгідегі екі дипломы беріледі.
Магистратураға/докторантураға оқуға түсу Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Магистратураға / докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын :
- бір шет тілінен (ағылшын, неміс , француз);
- мамандық бойынша тапсырады.
Магистрантта/докторантта магистратураның/докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын игеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы керек. Пререквизиттер болмаған жағдайда оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады, бұл үшін университет жазғы семестрді ұйымдастырады.
Магистратураға/докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі
Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1.Ұйым басшысының атына өтініш;
2. Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
3. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы;
4. Еңбек кітапшасының нотариалды түрде расталған көшірмесі (болған жағдайда);
5. 3x4 өлшемдегі алты фотосурет;
6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
8. Ғылыми жарияланымдар мен ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
9. Шет тілінен тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа);
10. Файлды қағаз тігетін папка;
11. Конверт (диплом пішіні бойынша), 3 файл.
12. Ақылы негізде түсуші тұлғалар үшін магистратураға қабылдау барысында – келісімшарттың жасалуына және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат.
Шет тілінен емтихан Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де өткізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында өткізіледі, қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Ақпараттық пакеттер:
- 6М020500 Филология
- 6М011900 Иностранный язык: два иностранных языка
- 6М020300 История
- 6М010300 Педагогика и психология
- 6М060800 Экология
- 6М060400 Физика
- 6М060200 Информатика
- 6М080200 Туризм
- 6М060600 Химия
- 6M011200 Химия
- 6М080100 Агрономия
- 6М080800 Почвоведение и агрохимия
- 6М073100 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды
- 6М060200 Экономика
- 6М050700Менеджмент
- 6М051100 Маркетинг
- 6М060700 Биология
- 6М011300 Биология
- 6М060100 Математика
- 6М010900 Математика
- 6М010100 Дошкольное обучение и воспитание
- 6М010200 Педагогика и методика начального обучения
- 6М080600 Аграрная техника и технология
- 6М090500 Социальная работа
- 6М030100 Юриспруденция
- 6М011800 Русский язык и литература
- 6М070300 Информационные системы
- 6М070400 Вычислительная техника и программное обеспечение
- 6М011600 География
Магистратура бойынша білім беру бағдарламалары:
- 6М060700 Биология
- 6М011300 Биология
- 6М011900 Иностранный язык: два иностранных языка
- 6M080100 Агрономия
Элективті пәндер каталогы: