Skip to main content
x

2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды
дайындау үшін  мемлекеттік білім беру тапсырысын 
орналастыру туралы хабарландыру

2019 жылдың 5 -10 тамызы аралығында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ Ақмола облысының көп балалы отбасыларынан шыққан мектеп бітірушілері мен АӘК алушылар үшін қосымша 120 білім грантына құжаттар қабылданады (ЖОО тізімі және мамандықтар тізбесі төменде көрсетілген).
Жоғары білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);
3) ҰБТ сертификаты (2019 жылғы маусымдағы);
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) көп балалы отбасы мен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы балалары мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – аймақтық ЖОО базасында қабылданады.

Page9.jpeg

Page10.jpeg

Page11.jpeg

Page12.jpeg

Page13.jpeg

Page14.jpeg

Page15.jpeg