Skip to main content
x
     

«Ұлы Даланың хас батырлары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 13 қыркүйегінде өтетін «Ұлы Даланың хас батырлары» атты Қарасай батырдың 421 жылдығына және Ағынтай батырдың 420 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция мақсаты – мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлі мен үлесін зерделеу арқылы ел тарихын зерттеу мүмкіндігі, қазақ батырлары – Қарасай мен Ағынтайдың күреске толы тағдырын зерттеудегі өзекті мәселелер мен жастарды тәрбиелеудегі жаңа бағыттарды, перспективалық ғылыми-тарихи зерттеулерді талқылау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының орны;

- Қарасай батыр: өмір жолы мен қазақ тарихындағы рөлі;

-  Ағынтай батырдың ерлік жолы;

- Қазақ-жоңғар соғыстары кезеңіндегі қазақ батырларының елді қорғау жолындағы күрестері.

- Батырлық мұра: ұлттық тәрбие көзі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция материалдарынан еңбек жинағы басып шығарылады.

Баяндамаларды 2019 жылдың 06 қыркүйегіне дейін электронды нұсқада жіберілуі тиіс.

Материалдарды мына электрондық мекенжайға жіберу керек:

E-mail: kozybaevreadings@mail.ru.

Тeлефон: +7 7152 - 46-13-20,  49-40-42 (қосымша 11-39, 11-41) 

Хабарлама немесе баяндама мәтіні А4 форматында орындалады, Word редакторында, шрифттің көлемі 12 (әдебиеттер тізімі үшін шрифт көлемі 10), интервалы 1.0, «Times New Roman» шрифті, теңестірілу парақтың ені бойынша, барлық өрістер ӘОЖ көрсетілумен 25мм.

Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісі арқылы жасалады. Сондықтан ғылыми мақалалар мұқият редакцияланған, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай түрде ұсынылуы тиісті.

Көрсетілген мерзімнен кеш немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

СКАЧАТЬ ФАЙЛ