Skip to main content
x

 

Ғылыми ізденістерден Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде практикалық қолдануға дейін

 

2019 жылғы 18 қыркүйекте Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-де Ауыл шаруашылығы басқармасы, бизнес өкілдерінің және экологиялық бағыттағы ЖОО ғалымдарының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты – Ақмола облысы құс фабрикаларының өнеркәсіптік өндірісі қалдықтарының өңдеу мәселелерін шешу жолдарын іздеу.

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы атынан басшы орынбасары Х.Л. Иткусов сөз сөйлеп, кездесу қатысушыларының назарын Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың аграрлық өнеркәсіптік кешеннің даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлетініне, сондай-ақ өзінің ведомствосының ғылым мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпорындары арасындағы өзара жұмыс жасауға үлкен қызығушылық  білдіретінін айтты.  

«АгроИнвест-2015» ЖШС-ның (Зеленый Бор кенті) басқарушы директоры А.З. Ақылбеков өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру және сақтау мәселесі барлық жердегі құс шаруашылығы саласының мәселесі болып табылатыны, ал кәсіпорын Қазақстанның солтүстік өңірі жағдайында еуропалық қалдықтарды өңдеу технологияларын бейімдеу бойынша университет ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін  хабарлады.

Кездесуге ЖОО серіктесі – неміс ғалымы Грегорий Вайзер қатысты, ол қаралып отырған мәселе халықаралық деңгейдегі мәселе болып, ЕМҚҰ деңгейінде үнемі талқыланатыны туралы айтты. Университет профессоры А.Т.Хұсайыновтың айтуынша, әдісті өндіріс жағдайында жөнге келтірсе, сенімді зерттеу нәтижелер алуы қамтамасыз етіледі, ал кейін технологияны коммерциялауға болады.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ проректоры А.Д. Жақыпова кездесу нәтижелерін қорытындылай келе, мемлекет, бизнес және ғылым күштерін біріктірсе, елеулі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда алу мүмкіндігі болатыны туралы атап өтті.

 Серіктестіктің және Университеттің кездесу қатысушылары шарттық қарым-қатынастар жасасуға ниет білдірді.

 

200920191035_1.jpg

200920191035_1.jpg