Skip to main content
x

 «Солтүстік Қазақстандағы нақты егіншіліктің болашағы мен мәселелері» тақырыбындағы семинар

 

         2019 жылдың 18 қыркүйегінде А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Солтүстік Қазақстандағы нақты егіншіліктің болашағы мен мәселелері" атты семинар өтті.

Аталған іс-шараға өсімдік шаруашылығы және топырақтану кафедрасының ПОҚ және докторанттары қатысты.

Семинар бағдарламасында Қазақстанда нақты егіншілікті енгізу тәжірибесі, шетелдік тәжірибе, ПЦФ-ның 2018-2019 жж. орындалу нәтижелері бойынша ақпарат қарастырылды. Пікірталастан кейін және қорытынды шығарғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, нақты егіншілік бойынша ауыл шаруашылығы техникасын көрсету арқылы полигонға шығу ұйымдастырылды.

200920191116_1.jpg

200920191116_1.jpg

200920191116_1.jpg

200920191116_1.jpg

200920191116_1.jpg