Skip to main content
x

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің  және КМУ жанындағы Көпсалалы колледждің студенттері 20-21 қыркүйек аралығында "Саналы ұрпақ" клубтары өкілдерініне арналған Облыстық слетке қатысты.

Слет біздің өлкеміздің ең әдемі жерлерінің бірі – Зерендідегі «Парус» демалыс базасында өтті.  

Шараны ұйымдастырушылар қызықты бағдарлама ойластырған:  белгілі адамдармен кездесулер,  өзін-өзі дамыту бойынша тренингтер, табиғатты тамашалау, дискотека, от жағып қасында гитарамен ән айту. 

ЖОО мен колледж өкілдерін біріктірген достық ахуалды сөзбен жеткізу қиын. Слетке біздің облыстың түпкір-түкпірінен келген сексеннен астам студенті қатысты.

 Студенттер «Саналы ұрпақ» клубындағы жұмыстары туралы тәжірибе алмасып, клуб болашағы, адалдық, достық туралы әңгімелесті, алдағы жоспарларды талқылады.

 Слетке университет атынан Амангелді Бекнұр, Семізбаева Меруерт, Құттымбек Нариман, Қали Динара, колледжден - Нұркенова Диана, Әубәкірова Томирис, Хасенов Дамир қатысты. Слетке қатысқан студенттерді з.ғ.м., заңтану кафедрасының аға оқытушысы Е.В. Максименко басқарды.

 Слет қатысушылары ұйымдастырушыларға, демалыс базасының қызметкерлеріне және университет басшылығына осындай ұмытылмас шара үшін алғыс білдіреді.

 

24092019855_1.jpeg

24092019855_1.jpeg

24092019855_1.jpeg

24092019855_1.jpeg