Skip to main content
x

Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында Президент Жолдауы талқыланды

 

2019 жылғы 2 қазан күні қасиетті Көкше төріндегі киелі қара шаңырақ саналатын білім ордасы, барша қазақ ұлтының мақтанышы, халқымыздың даңқты батыры, ғалым-жазушы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыстық ақпараттық топтың мүшесі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

Мәдени шараға Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-нің ректоры Марат Сырлыбаев, әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректор Аманбай Сейітқасымов, тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің деканы Ақбота Бексеитова, университеттің баспасөз хатшысы Айдар Қожабаев, сондай-ақ мектеп директоры Рабиға Абилхамитова және мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Мектеп директоры Рабиға Кеңесқызы кездесу барысындағы жұмыстың жоспарымен таныстырып, арнайы келген қонақтарға сөз кезегін берді.

Университет ректоры Марат Сырлыбаев сөз барысында Президент Жолдауына ерекше тоқталып: «Бүгінде еліміз жаңа кезеңге қадам басып отыр. Маңызы жоғары Мемлекет басшысының Жолдауын барша қазақстандық асыға күткені белгілі. Өйткені, онда Президенттің сайлау алды бағдарламасындағы басты мақсаттары, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын маңызды да жаңа бастамалары, іргелі де нақты істер молынан қамтылған. Президенттің Жолдауы еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік және экономикалық дамуына жол ашып, мол серпін беретін маңызы зор құжат.

 Соның ішінде Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатында аса маңызды да құнды мәселенің бірі адами капиталды дамыту болып табылады.

Біз педагог мамандар Президент Жолдауын жақсы қабылдап, мұқият тыңдап шықтық. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында халықтың санасында жүрген барлық мәселелердің шешімін көрсете білді. Онда Президент әсіресе, білім саласына ерекше назар аударып отыр. Өйткені, білім саласын жақсарту – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Болашаққа бағдар болатын маңызды құжатта әлеуметтік қамту саласын жаңғырту, сондай-ақ, өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамалар ұсынылды. Әсіресе, ел азаматтарының әлеуметтік мәселелері, жемқорлықпен күрес, кадрлар даярлау мәселесіне, оларды жұмыспен қамту, жағдайлары төмен мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау таныту, «Педагог мәртебесі» туралы, ұстаздардың жалақыларының өсуі, волонтерлықты (еріктілер) күшейту және т.б. жаңа табысты бастамалар қамтылған.

Осы орайда, ел Президенті білім сапасын көтеруде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл ең алдымен кәсіби бағдарланған жұмыс, білікті педагог кадрларды, отбасы институты мен балаларды қорғау, жастарды қолдау болып отыр. Соның ішінде Жолдаудағы ұстаздардың жалақыларының өсуі барша қазақстандық оқу-ағарту саласының қызметкерлеріне қуаныш сезімін сыйлады деуге болады. Ол дегеніміз - педагог мәртебесінің өсуі деп білеміз.

Өткен оқу жылы мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар, Президент тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттатынын да баса айтқан болатын. Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.

 Жолдауда әсіресе, мектептер мен колледждерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы білім сапасына ерекше тоқталып, білім беру сапасын одан әрі жақсартуды, сондай-ақ «Педагог мәртебесін» көтеруді басты талап етеді.

Ағымдағы жыл «Жастар жылы» деп жариялағаны да белгілі. Осы орайда, Үкімет тарапынан болашақ жастардың сапалы да кәсіби білім алуларына барлық жағдай жасалып отыр» - деп сөзін түйіндеді.

Кездесу барысында Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректор Аманбай Сейітқасымов «Жастар – еліміздің болашағы», Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің деканы Ақбота Бексеитова «Жастар және тарих тағылымы», университеттің баспасөз хатшысы Айдар Қожабаев «Мәлік мектебі – Көкше білімінің қара шаңырағы» тақырыптары бойынша мектеп оқушылары алдында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауындағы оқу-ағарту саласына байланысты негізгі бөлімдерге тоқталды.

Сондай-ақ, кездесу барысында университеттің қабылдау комиссиясының жауапты жатшысы Жанар Нуркина және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу департаментінің жетекшісі Нургуль Нурмухамбетова  «Жоғары оқу орнына түсу туралы ережелермен» таныстырып, жас түлектеррді сапалы да кәсіби білім беретін оқу ордасына шақырды.

Сонымен қатар кездесуде Президент Жолдауындағы: «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметі күшейді, ұлттық қор болашақ ұрпақ үшін жасалуы қажет», - деген құнды пікірі айтылды. Одан әрі алдымызда тұрған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, Әл-Фараби бабамыздың, сондай-ақ ұлы Абайдың мерейтойлары туралы сөз қозғалды.

Ұлыларымызды ұлықтау арқылы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі отаншылдық идеяның маңыздылығын арттыра түседі деген ойдамыз.

Президентіміз өз Жолдауында еліміздегі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге,  алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін бірге әрекет етуге шақырады.

Бүгінде ынтымақ-бірлігіміздің арқасында ел тәуелсіздігі нығайып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.

Еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстанды жарқын болашаққа бастайтынына, алдағы уақытта Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, жаңа тарихи белесте халықаралық беделі жоғары мемлекетке айналатынына, әрі әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарынан көрінетініне сеніміміз мол. Ендеше, Президентіміздің зор сенім артқан азаматтарының қатарынан көріне білейік!

Осынау ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын дегім келеді!

Кездесу соңында университет ғалымдары Мәлік Ғабдуллин мұражайымен танысып, естелік суретке түсті.

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg

031020191610_1.jpg