Skip to main content
x

Порядок заселения в общежитие

Университеттің жатақханаларына және Студенттер үйлеріне 25.08.2015 ж. бастап орналастыру тәртібі

  1. I.            Өз деканатына барып, жатақханаға орналастыру туралы өтінішті алу.

Ол үшін қажетті құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • 3*4 (4 дана.) үлгідегі фото;
  • келісімшарттың немесе бірінші курсқа қабылданғаны туралы сертификаттың көшірмесі.

II. Өтінішті алғаннан кейін, Темірбеков к-сі, 28 үйде медициналық қараудан өту қажет, ол үшін флюорографии нәтижесі болу тиіс.

III. 10 ай үшін 25.140 тг мөлшеріндегі жатақханада тұру ақысын Әуезов к-сі, 151 үйде орналасқан «Цеснабанк» АҚ-ға төлеу қажет. Түбіртек студенттің Т.А.Ә. толтырылу тиіс (түбіртекті ата-аналардың Т.А.Ә. толтыруға тыйым салынады!).

IV. Төменде көрсетілген құжаттармен:

  • жатақханаға орналастыру туралы өтініш;
  • мед.қараудан өткені туралы анықтама;
  • жатақаханада тұру үшін төлемақы туралы түбіртек;
  • 3*4 (3 дана) үлгідегі фото;
  • жеке куәліктік көшірмесі;
  • деканаттың анықтамасы немесе 1 курсқа қабылданғаны туралы келісімшарттың көшірмесімен
  • өтініш бланкісінде көрсетілген мекенжайдағы жатақханаға орналасу үшін бару.

V.Деканаттардың мекенжайлары:

  • Филология факультеті – бас ғимарат, 321 каб., Абай к-сі, 76. Тел:25-53-35.
  • Жаратылыстану-педагогикалық факультеті – бас ғимарат, 705 каб., Абай к-сі, 76. тел:25-94-48.
  • Техника және технологиялар факультеті – № 2 ғимарат (политех), 210 каб., Темирбеков к-сі, 30. Тел:40-19-97.
  • Тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті – № 4 ғимарат, 219 каб. , Ақан Сері к-сі, 24. Тел:26-55-50.
  • С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-техникалық институт –  № 5 ғимарат, 226 каб., Қуанышев к-сі, 170. Тел:77-15-69.

6. «Серпін – 2050» мемлекеттік жоба бойынша келген студенттер, жетімдер, балалар үйінің тәрбиенушілері, мүгедектер кезектен тыс орналастырылады.

7.  «Арасан» жатақханасына дайындық бөліміне келген, шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері орналастырылады.

Әкімшілік

Студенттерді жатақханаға орналастыру 2015 жылғы 25 тамыздан басталады.   Жатақханаға (студентте үйіне) кіру туралы қалыптасқан үлгідегі өтініш факультет деканатынан алынады.

Өтініштің әрекет ету мерзімі: алған сәттен бастап 10 тәулік. 

Студенттер үйіне орналастыру тәртібімен танысыңыз. Қосымша ақпарат «Серпін-2050» www.kgu.kz/ru/serpin-2050 бөлімінде, анықтама телефоны: 87162 25-56-26.