Перейти к основному содержанию
x

 Ш.Уәлиханов  атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті төмендегі  лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Өсімдік шаруашылығы және топырақтану   кафедрасының аға оқытушысы   («Агрономия»  мамандығы ) 1
2. Әлеуметтік педагогика кафедрасының  аға оқытушысы («Педагогика» мамандығы)   1
3. Орыс филология  және кітапхана ісі кафедрасының  оқытушысы  («Орыс тілі мен әдебиеті» / «Филология» мамандығы)   1
4. Дене шынықтыру және спорт теориясы және практикасы кафедрасының  оқытушысы ( «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы) 1
5. Шет тілдері  кафедрасының  оқытушысы  («Ағылшын тілі» мамандығы) 1
6. Тау кен ісі және құрылыс кафедрасының  аға оқытушысы («Құрылыс» мамандығы) 1
7. Механизация және малшаруашылығы кафедрасының  оқытушысы  «Аграрлық техника мен технологиялары» мамандығы) 1
8. Информатика кафедрасының оқытушысы («Информатика» мамандығы) 1

Оқытушы  лауазымына  тағайындалу  үшін конкурсқа қатысушылардың    жоғары білімі,    магистр академиялық атағы  және /немесе кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі     болуы тиіс.
Аға оқытушы  лауазымына  тағайындалу  үшін конкурсқа қатысушылардың  жоғары (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі)  білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі  кемінде 3 жыл,  оның ішінде  оқытушылық қызметінде   кемінде бір жыл  немесе мамандық  (бейін) бойынша практикалық жұмысының өтілі  кемінде 5 жыл болуы  және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Құжаттар тізімі:
1.Өтініш
2.Жеке іс парағы
3.Өмірбаяны
4.Білім жөніндегі,академиялық және ғылыми дәрежесі  дипломының нотариалды бекітілген көшірмесі
5.Ғылыми атағы құжатының көшірмесі
6.Біліктілігін  арттыру жөніндегі сертификаттардың көшірмесі
7.Ғылыми еңбектерінің тізімі
8.№ 086 түріндегі медициналық анықтамасы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде жұмыс  істейтін адамдар үшін : өтініш, мінездеме және ғылыми еңбектерінің тізімі.

Өтініш беру мерзімі – баспасөз бетінде жарияланғаннан бастап  21 күнтізбелік күнге дейін.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды мына мекен-жайға жіберіңіз:
020000 Ақмола облысы   Көкшетау қаласы  Абай көшесі , 76 үй   121 бөлме , кадрлар бөлімі
Тел.: 8-716-2-25-56-53             Факс : 8-716-2-25-55-97        
Конкурс комиссиясы.

 

Дата создания