Перейти к основному содержанию
x

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Студенттердің кәсіби пәндер бойынша теориялық және  практикалық білім деңгейлерін бағалау, шығармашылық ойлау біліктілігін арттыру мақсатында 5В020500- Филология:қазақ филологиясы мамандығы  бойынша Қазақстан  Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, 2018 жылдың 5-6 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының базасында мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.

 

Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі


    Олимпиадаға 5В020500-Филология:қазақ филологиясы мамандығында оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3,4 курс студенттері қатыса алады. Команда құрамы  жетекші және 3 студенттен тұрады. Қатысушылар өздерімен бірге студенттік билеттері мен сынақ кітапшаларын ала келуі міндетті.
Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ тілі.

Республикалық  пәндік олимпиаданы өткізу тәртібі


Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 4 тур бойынша өтеді.
І тур –  «Мамандықты таныстыру» (регламент 5 минут).
ІІ тур – «Жүзден жүйрік». Қазіргі қазақ тілінің салалары,тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, түркітануға кіріспе, әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы,  қазақ әдебиеті тарихы пәндері  бойынша қатысушының теориялық білімі автоматтандырылған жүйе арқылы тест түрінде тексеріледі. Тест қорытындысы берілген дұрыс жауаптардың санына және уақыт шегіне қарай анықталады.
ІІІ тур – Ұсынылған филологиялық материалдарға ауызша кешенді тілдік (фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) және  әдеби – теориялық  (тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктеріне) талдау жасау;
ІV тур –  «Филология әлемі» тақырыбы аясында ғылыми жоба әзірлеу және қорғау.

Қатысушыларға қойылатын шарттар


Барлық шығындар (жол жүру, тамақтану, қонақүй ақысы) жіберуші ЖОО тарапынан  қамтамасыз етілуі тиіс. Қонақүйден орынға тапсырыс беру (қажет болған жағдайда), түскі асты университет асханасынан тамақтану ұсынысын (жіберуші жақтың өзі қамтамасыз етеді) өтінішпен бірге хабарлауларыңызды сұраймыз. 7 сәуір күні Бурабайға саяхат жасау ұйымдастырылады (қатысушылардың өз есебінен).
Қатысу туралы өтініштеріңізді 2018 жылдың 15 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. 020000 Көкшетау қаласы, Абай көшесі,76 үй. Филология және педагогика факультеті, қазақ  филологиясы кафедрасы.
Байланыс телефондары: 8 (716-2) 25-80-46
Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі – Өміргүл Ақанқызы Жумагулова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
Жауапты оқытушы – Курманова Айнаш Курманқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, академиялық доцент.
тел: 8-777-951-61-99, 8-701-446-90-86
эл. пошта: olimpiada.fil@mail.ru

 

Өтінім

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткізілетін 5В020500-Филология:қазақ филологиясы мамандығы бойынша Қазақстан  Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы


(әр қатысушы толтырады)

1. Қатысушылардың аты-жөні (курс, мамандығы)
2. Команда жетекшісі (ғылыми дәрежесі, жұмыс орны)
3. ЖОО-ның атауы
4. Мекен-жайы, телефоны, эл. пошта
5. Қонақүйге  тапсырыс жасау.


Тіркеу қарточкасы


1. Қатысушының аты-жөні (толығымен)  __________________________________________
2. Мамандық шифры, курсы, оқу тілі______________________________________________
3. ЖОО (толық аты)____________________________________________________________
4. Мекен-жайы_________________________________________________________________
5. Байланыс телефоны/факс,e-mail________________________________________________
6.Тұратын орын керек пе (иә,жоқ)  ______
7. Келуі______________
8. Кетуі______________

9. Топтың жетекшісінің аты-жөні, қызметі және байланыс телефоны, факс, e-mail
_____________________________________________________________________________
10.Тұратын орны (иә, жоқ)  ________________

 

 

ЖОО басшысының қолы               Мөр                Толтырылған күні


Қонақүйге орынды алдын ала  тапсырыс жасау үшін топта қанша адам болатындығын ақпараттық хат алысымен нақты хабар берулеріңізді сұраймыз.


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
 мемлекеттік университетінің Х Республикалық пәндік
 олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өтетін 5В020500-Филология:қазақ филологиясы мамандығы бойынша
Х Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу
ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

Студенттердің  5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиада   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының жоспарына сәйкес өткізіледі.
 Республикалық пәндік олимпиаданың мақсаты –  Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты   Жолдауында   көрсетілгендей  білім беру  мазмұнын жаңарту, білім беру мекемелерінің арасындағы  бәсекелестікті арттыру  аясында болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерінің деңгейін  анықтау және  білімді студент жастарды қолдау.
 Республикалық пәндік олимпиаданың міндеттері:
1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандыру;
2) студенттердің жеке кәсіби әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін ашу, мүмкіндіктерін толық пайдалануы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау;
3) студенттердің азаматтық ұстанымын орнықтыру;
4) ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
5) білім беру жүйесін жетілдіруге деген кәсіби белсенділік қатынасын қалыптастыру.


1. Республикалық пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрады.


 І кезең 5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығы бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарының өз ішіндегі комиссия шешімімен  үш адамнан тұратын команда іріктеліп, екінші кезеңге жіберіледі.
ІІ кезең  Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университеті   базасында ұйымдастырылады. Х Республикалық пәндік олимпиадасына  5B020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығының үшінші және төртінші курсында оқитын студенттер қатысады. Х Республикалық пәндік олимпиадасында жеңімпаз  аталған команданың жоғары оқу орны келесі оқу жылында 5В020500-Филология:қазақ филологиясы мамандығының  студенттері арасында өткізілетін ХІ Республикалық пәндік олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігіне  ие болады.
2. Аталған Ереже республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу мен олимпиада жеңімпаздарын анықтау тәртібін көрсетеді.
3. Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу үшін ректор өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылады.
4. Ұйымдастыру комитеті – Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу туралы Ережені дайындайды.
    5. Республикалық пәндік олимпиаданың өткізу уақытын белгілеп, өткізу жөніндегі ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-ларға хабарлайды.
6. Республикалық пәндік  олимпиаданы өткізуге бір ай уақыт қалғанда ЖОО командалары қатысушыларын тіркейді.
7. Республикалық пәндік олимпиадасын өткізудің техникалық және ұйымдастыру жағын қамтамасыз етеді.
8. Республикалық пән олимпиадасының қазылар алқасын жасақтайды.
9.Республикалық пәндік олимпиадасы жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттауды ұйымдастырады.

ІІІ. Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу шарттары


10. Х Республикалық пәндік олимпиада төрт турдан тұрады. Алғашқысы студенттердің өз командаларын кәсіби тұрғыдан таныстыруы, тілдік  және әдеби кешенді талдау жасау,  тест тапсыру,  таңдалған тақырып бойынша ғылыми жоба қорғау (тақырып таңдалған соң,  екі  сағат уақыт  дайындыққа беріліп, университет кітапханасында орындалады).


ІҮ.  Жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау


11. Республикалық пәндік олимпиаданың тапсырмалары төмендегі қағидалар бойынша бағаланады:
11.1 Командаларын таныстыруда қатысушылардың өз мамандықтарына қатысты кәсіби білімдері мен мамандықтың қазіргі қоғамға қажеттілігін дәлелдеуі, кәсіби саладағы ғалымдардың ғылыми ұстанымдарын  өздерінің болашақ кәсібімен сабақтастыра білуі бағаланады.
11.2 Тест  тапсырмаларының мазмұнына қазіргі қазақ тілінің салалары, тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, түркітануға кіріспе, әдебиеттануға кіріспе,  әдебиет теориясы,  қазақ әдебиеті тарихы пәндері пәндері кіреді. Тест компьютерде қабылданып, нәтижесі бірден  белгілі болады.
11.3 Кешенді тілдік және әдеби талдау  ұсынылған тапсырмалар  негізінде ауызша жүргізіледі. Филологиялық материалдарға кешенді талдау жасау талдау түрлерінің  толық қамтылуы, дәлдігі, жүйелігі сияқты   критерийлер бойынша бағаланады.
11.4 Ғылыми жоба қорғауда  тақырыптың ашылуы, ұсынған тұжырымдарының дәлелді негізделуі, өзіндік ой-пікірі, көзқарасы болуы, теориялық білім, тапқырлық, ойды жеткізу мәдениеті мен әдебі, ой жүйелілігі ескеріледі.
12. Республикалық пәндік олимпиада  жеңімпаздары командалық (жекелік) есепте анықталады.
13. Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары ретінде командалық (жекелік) есепте жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иеленгендер саналады. Олимпиаданы  ұйымдастырушы  жоғары оқу орны  тарапынан қатысатын команда  жүлделі  орындарды иеленбейді.
14. Республикалық пәндік олимпиадада төмендегідей жүлделі орындар белгіленеді:
бір –  бірінші орын;
екі – екінші орын;
үш – үшінші орын.


Ү. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау


15. Пәндік олимпиаданың жеңімпаздары ретінде танылған студенттер 1, 2, 3-дәрежелі дипломдарға  ие  болады.
16. Басқа қатысушылар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  сертификаттарымен марапатталады.
           17. Пән бойынша білімі мен танымы жоғары, өзіндік көзқарасы және сауаттылығымен ерекше көзге түскен студенттер комиссия бекіткен жеке номинациялар бойынша марапатталады.

ҮІ. Республикалық пәндік олимпиадасын өткізу уақыты мен орны

18. Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу және жеңімпаздарын анықтау мен марапаттау 2018 жылдың 6 сәуірінде өтеді. Х Республикалық пәндік  олимпиаданың нәтижесі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  сайтына орналастырылады (www.kgu.kz).
19. Республикалық пәндік олимпиада 020000, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76-үй мекенжайда орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бас ғимаратында өткізіледі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ.pdf
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ.doc
университеттер тізімі.pdf


Ұйымдастыру комитеті

 

Дата создания