Перейти к основному содержанию
x
Опубликовано admin - 27 October 2017

Құрметті әріптестер!

2018 жылдың 16-17 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлығының,«Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығының, ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Халықаралық «Өмір ағашы» сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың тұңғыш лауреатыЖабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 85 жылдық мерейтойына арналған«Әлемдік философияның өзекті мәселелері, адам, оның санасы және адамгершілігінің дамуы» атты III халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Академик ЖабайханМүбәрәкұлы Әбділдинәлемдік философиялық ойдың дамуына, оның ішінде диалектикалық логика мен таным теориясының, философия тарихы мен ғылым әдіснамасының дамуына үлкен үлес қосты. Ғалым Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы ретінде танымал.Сонымен қатар, Жабайхан Мүбәрәкұлы адам және адамгершілік мәселелерімен де айналысады.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті сіздерді халықаралық конференция жұмысына белсенді атсалысуға шақырады.Конференцияда Қазақстан, Ресей, ТМД және алыс шетел көрнекті ғалымдарының баяндама жасауы күтілуде.
Конференция бағдарламасында келесі секциялар жұмыс жасайды:
·    Философия тарихы, таным теориясы мен ғылым әдіснамасының өзекті мәселелері 
·    Қазіргі әлемдегі адам және адамгершілік мәселелері 
·    Ж.М.Әбділдин және диалектикалық логика, таным теориясы, адам мен  адамгершілік мәселелерінің талдануы. 
Конференция жұмыстілдері: қазақ, түрік,орыс, ағылшын.
    Конференцияғақатысуүшін 2017 жылдың 25 сәуірінедейінгімерзімдеұйымдастырукомитетінемынаэлектрондыпошта adamzatkonf@mail.ru арқылытөмендекөрсетілгентізімдегіқұжаттардыұсынуқажет: 
Конференцияға қатысу туралы өтінім мен баяндама тезистерін көрсетілген секцияларға сәйкес электрондық пошталарға жіберулеріңіз қажет:
Секция 1.Философия тарихы, танымтеориясы мен ғылымәдіснамасыныңөзектімәселелері– dametken-kaz@mail.ru (ДаметкенТурлыбаевнаТолгамбаева)
Секция 2.Қазіргіәлемдегіадамжәнеадамгершілікмәселелері– andreewna@mail.ru (Светлана Андреевна Арыстамбаева)
Секция 3.Ж.М.Әбділдин және диалектикалық логика, таным теориясы, адам мен  адамгершілік мәселелерінің талдануы – kumaen@mail.ru (Гүлнар Аманбековна Адаева)
Өтінімдер 2017 жылдың 15 желтоқсанына  дейін қабылданады. Баяндама тезистері 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін жіберілуі тиіс.Конференция материалдарын баспадан шығару жоспарланып отыр.
Конференцияға келу шығыны қатысушы есебінен.

Қосымшаны жүктеу