Перейти к основному содержанию
x

Новости "Серпін-2050"

Серпін жаңалықтары

«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» Дәл осындай атаумен сәуір айының 18 жұлдызында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Айғаным» клубының ұйымдастыруымен әдеби-танымдық кеш болып өтті. Айта кетейін, «Айғаным» клубын ең алғаш бұдан үш жыл бұрын Гүлшара Әбдіхалықова «Қыз Жібек» деген атаумен ашқан болатын. Қазір бұл клубқа жетекшілік етіп, ұйымдастырушылық жұмысымен айналысып жүрген Смағұлова Нұргүл Қайырбековна. Кеште тек қана қыз бала тәрбиесі ғана емес, сонымен қатар, ұл баланың да тәрбиесі басты назарда аталып өтті. Осы тұрғыда ұйымдастырушылар тарапынан біршама ұсыныстар түсті. Солардың бірі университетімізде «Әкелер» клубы ашылып, клубқа жетекшілікке тәрбие ісі жөніндегі проректор –Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы бекітілді.Кеш қонақтары университет ректоры-Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы, Ақмола облыстық аналар кеңесінің төрайымы-Кейікова Зере Есбайқызы, Мұқытова Жұпар Қалиқызы т.б.ардаргер ұстаздар мен қонақтар болды. Сондай-ақ, келген қонақтарға университет студенттері концерттік бағдарлама тарту етті. Осы тұрғыда тоқтала өтсем, Бұзаубасова Айнара қалың көрерменге жүрек жарды «Мама» өлеңін жолдады. Бақытжан Дамир мен Селикова Айымгүл «Болайық бірге» атты әнді әуелетіп шырқады. Студенттер көрермен назарына «Қазақ қызының бәрі әдемі» атты композициялық туындыны ұсынды. Университет жанынан құрылған «Жауқазын» жастар театры «Тоғысқан тағдыр» атты драмалық шығармадан үзінді көрсетті. Бұл драманың толық нұсқасын жақын арада міндетті түрде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, филология факультетінің студенттері Бауыржан Шарапидің «Жат ұя» атты шығармасын сахналады. Аталған туындылардың барлығының астарында ұлт тәрбиесі көрініс алып жатыр.Бүгінгі жасалған еңбектің барлығы жас ұрпақтың бүгіні мен келешегі үшін. Әдеби-танымдық кештің де негізгі мақсаты осы болатын. Осы жолда тіпті, ардагер ұстаздарымыздың өздері де ақ тер, көк тер болып, жастардың санасына үйлену-сезім, үй болу-төзім екенін жеткізді. Жалпы ұлт тәрбиесі күрделі де, өте маңызды жұмыс. Сондықтан келешегі кемел ел боламыз десек, ұядағы ұл-қызымызға осы бастан саналы тәрбие беруді бастайық!


Ақпан айынының  бірінші жұлдызында «Ақан сері» жатақханасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық, қамқорлық акциясы болып өтті. Акция мақсаты: Тағдыр тауқыметн тартқан азаматтарға, мүмкіндігі шекеулі жандарға қоғам болып қоль ұшын созу. Акция соңы жәрмеңкеге жалғасты. Студенттер қолдан келер тәтті-дәмділерін келген қонақтардың алдына тарту етті. Осылайша тағдыр тауқыметін тартқан азаматтарға қол ұшын созып, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті.


26 қараша  серпіндіктер үшін айтулы күндердің бірі болды.Себебі,серпін жастарының асыға күткен "Аламан-2016"фестивалі Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде 10 номинация бойынша өткізіліп өз мәресіне жетті.Атап айтатын болсақ,"Жалынды сардар","Serpin-start-up","Мені шыңдаған серпін","Әлеуметтік жоба","Мақтан тұтар мекенім","Мамандығым-мақтанышым","Менің мақтан тұтар мекенім!","Жайдарман",ойындары бойынша және "Өнерлінің өнісі кең","Болашақтың мамандығы қандай?"дебат ойыны бойынша жеңімпаздарға мақтау қағаздары табыс етілді.Кеш тізгінін белгілі тележүргізушілер Мейіржан Әлібекұлы мен Гүлназ Ауданбаева ұстады.Сондай-ақ, Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамының президенті Меңдешев Жанболат Жарылқасынұлы."Атамекен"ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов т.б кеш қонақтары болды.Мұрат Әбенов өз кезегінде елбасының тапсырмасымен студенттерді таныстырып өтті.Қазіргі таңда он екі мыңнан астам серпіндік студенттер еліміздің әр қаласында білім алуда. Бастауы аз ғана болса да, бастамалары мен белсенділері қоғамда ойып тұрып орын табуда. Серпін жастары әлі де жаңа идеяларымен, тың туындылармен халыққа өз пайдасын тигізеді деп сенеміз!


"Жетім көрсең, жебей жүр ",- деп халқымыз тегін айтпаса керек. Ақпан айының 16 жұлдызында Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері ат басын Щучинск қаласындағы балалар үйіне бұрды. Балалармен түрлі ойындар ойнап, ой бөлісіп, университеттің атынан арнайы алып барған аманат заттарын табыс етіп қайтты. Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасы университетіміздің атынан барған "Жас Отан"ЖҚ және Серпін бағдарламасының студенттеріне "Щучинск қаласы балалар мен жасөспірімдерді оңалту және бейімдеу облыстық орталығы" КММ-сі өз ризашылықтарын білдіріп, университетімізге алғыс хаттарын табыстады. Пайғамбарымыз "Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап жазылады" деген екен. Дана халқымыз жесірін қалғытпаған, жетімін жылатпаған.Әрдайым кіріптарға қол ұшын беріп, әлсіздерге дем берген. Жығылғанға жұдырық болмай, жетімнің қаяу түскен көңілін көтеріп, жабырқаған жанына демеу бола білген. Мұнымен қайырымдылық акциямыз тоқтамайды. Өз жалғасын табады.  Ұйымдастырушылар ұйымына, сондай-ақ, оларға қолдау білдірген жаны жайсаң, көңілі кең азаматтарға айтар алғысымыз шексіз! Сіздердің ақ ниеттеріңіз іске асып, еңбектеріңіз гүлдене беруіне тілектеспіз!


Қазақ халқы Абылайды ақ киізге көтерген жерде Серпдіктердің республикалық тренингі болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған студенттер  қазан айының 10 жұлдызында «Discovery Borovoe» демалыс орталығына бас қосты. Тренингке университетімізден жетекші-Жандаулет Қылышбаев, бас сардар-Әсет Ибраев, баспасөз хатшысы-Әбсадық Ботагөз, белсенді сардар-Омар Бегімхан қатысып қайтты. Тренингте бағдарламаның бүгіні мен ертеңі сараланып, алда орындалатын жоспардар талқыланды.


Шоқан Уалиханов атындағы КМУ-нің "Жас Отан" ЖҚ белсенділері наурыз айының 11-12 аралығында Көкшенің көрікті жерлерінің бірі Зерендіде орналасқан "Тұлпар" лагеріне барып демалып қайтты. Айта кетейік, белсенділер университет ішінде әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, айтулы күндерді шектен тыс қалдырмай келеді. Күнделікті қарбалас жұмыстан, сабақтан бас алмай істей бергеннен гөрі арасында уақыт тауып, дос-жарандармен демалып тұрған да дұрыс. Сонымен қатар, лагерьде демалушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Студенттер көңіл көтеріп, таза ауамен тыныстап, әр түрлі ойындар ойнап, бір серпіліп қалды. Белсенділерді демалыс орнына жіберген университет басшылығына алғыс білдіреміз!


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінде "Тәуелсіздік тұғырым" атты ЖАЙДАРМАН. ойыны болып өтті.Студенттер бар өнерлерін ортаға салып,көрермен көзайымына айналып,халықтың ыстық ықыласына бөленді.Әзілде кек жоқ.Күлкіде шек жоқ.Әділ биде мін жоқ өте тамаша кеш болды. Нәтижесінде "Ең ұйымшыл команда"номинациясы бойынша 55 патер. "Ең үздік әзіл" АГРО STAR. "Ең үздік көрермен көзайымы" ЖасКГУ. "Ең үздік капитан" Әлімбеков Мақсат. Сондай-ақ, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай арнайы номинацияны 55 патер және ЖасКГУ топтары өз қанжығаларына байлады.Жайдарман қорытындысы бойынша 88 ұпаймен ЖасКгу 6 орын.89 ұпаймен 911 тобы 5 орын. 94 ұпаймен Сүйініш және 55 патер тобы 4 орын.3 орын испед тайм командасы. 2 орын Агро Star 1 орынды тарих және заң факультетінің студенттері иеленді.1 орын жеңімпаздарына ректор кубогы және "Тұлпар"демалыс орталығына жолдама берілді.Әр факультет декандары қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен естелік заттар табыстады.Қатысып өнер көрсеткен әрбір қатысушыға алғыс білдіреміз!Әрдайым халықты күлкімен қуантып,ыстық ықыласқа бөленіп жүре беріңіздер!


22 сәуірде университетіміздің белсенді студенттері кезекті қоғамдық іс-шараға қатысты. Солардың бірі-сенбілік. Бүгін аймақтың тазалығы мен тәртібін сақтау мақсатында қалаға тазалық жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру жұмыстары өткізілді. Көшелер бойындағы қоқыстар тазаланып, ағаштар ақталып, жиектер сырланды. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды көптеп өткізу жоспарлануда. Себебі, қоршаған ортаның тазалығын сақтау кез-келгенадамның парызы.


Ақпан айының 24 жұлдызында Ақмола облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен қаламыздың мәдениет сарайында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің факультет аралық «КУБОК КВН-2017» орыс лигасы болып өтті. Жалпы ойынға ЖОО-дарынан алты жайдарман командасы қатысты. Атап айтатын болсақ, филология және педагогика факультетінен «Филфак» құрамасы. Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінен «Шоқан Микс». Техника және технология факультетінен «55-пәтер» және «Типа Дэйл». С.Садуақасов атындағы агроэкономикалық институттан « Агрофак» құрамасы және «Кентуки» құрамалары өз факультеттерінің намысын қорғады. Қатысушы командалар 3 кезең бойынша бақ сынады. Жайдарманшыларға баға беріп, өнерлерін сарапқа салған қазылар алқасының құрамында Жүнісова Жанаргүл Темірбековна, Хамзин Саят Мейрамович, Ахметбеков Еркен Серикович, Буров Андрей Анатолевич, Жумашева Марал Бейсембековна, Асқар Какен Мақашұлы, Бекешев Султанбек Евгеньевич төрағалық етті.Сайыс нәтижесінде «Шоқан Микс» командасы үшінші орынды қанағат тұтса, «55-пәтер» командасы өз қанжығасына екінші орынды иеленді. Ал осы жайдарман ойынының орыс лигасындағы басты номинациясы «КУБОК КВН-2017» иегерлері «Кентуки» командасы болды. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым көрермен көзайымына айналып, өнерлеріңізбен жұртшылықтың ықыласына бөленулеріңізге тілектеспіз!



Күлзия Қадырқызы мен серпіндіктердің кездесуі. Ақпан айының 1-жұлдызында Сарыарқаның саршұнақ аязына қарамастан,Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің серпін жастары «Серпін-2050» бағдарламасының басшысы-Күлзия Қадырқызымен кездесу болып өтті. Іс-сапармен университетімізге ат басын тіреген Күлзия Қадырқызы аталмыш кездесуде студенттерге «Серпін-2050» бағдарламасындағы өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіріп өтті.Айта кететін болсақ, шет тілін еркін меңгерген серпіндіктерге енді шет елде білім алу мүмкіндігі туып отыр. «Болашақ» бағдарламасы және үкіметарлық келісім бойынша серпіндіктер мына елдерде білім ала алады. Олар: Венгрия, Қытай, Германия, Чехия, Франция және т.б.Бұл жаңалық серпін жастары үшін тосын, әрі көңіл толқытарлық жақсы жаңалықтардың бірі болды. Себебі, барлығымызға белгілі биыл серпіндіктердің алғашқы түлектері қолдарына төрт жылдық еңбектерінің жемісі, яғни дипломдарын алады. Түлектер үшін жақсы жаңалық серпін бағдарламасының аясында оқып жатқан студенттер оқуларын магистратурада жалғастыра алады.Жақсы жаңалықты естіген Серпін жастарының қуанышында шек болмады.  «Болам деген баланың,Бетін қақпа белін бу»,-демекші, өз кәсібімді бастаймын деген студенттерге Серпін бағдарламасы қол ұшын созуға әрдайым дайын екенін жеткізді.Сонымен қатар, Күлзия Қадырқызы университетіміздің намысын қорғап, «Аламан» фестиваліне қатысқан белсенді серпін студенттеріне мақтау қағаздарын табыс етті. Студенттер көкейкесті сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесудің жалғасы университетіміздің «Ақан сері» жатақханасының студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар шапағаты» атты қайырымдылық, қамқорлық акциясына ұласты. Студенттер күмбірлеген домбыраның үніне әуелеген әндерін қосып, жырдан шашу шашты. Қайырымдылық кеші студенттеріміздің ауылдан арнайы алып келген және өз қолдарынан жасаған әр алуан тағамдарынан біріктірілген жәрмеңкеге ұласты. Күлзия Қадырқызы жатақханадағы студенттердің жағдаймен танысып өтті. Кездесуден алған әсер мен кереметтей көңіл-күй серпін жастарына шабыт сыйлап,алға нық қадам басуға жетелегені сөзсіз. Студенттерді қолдап, болашағына жол ашқан «Серпін-2050» бағдарламасына және бағдарламаның қолдаушыларына айтар алғысымызды шексіз!

Еліміздің еркесі,ертеңіміз, 
Келер күнге көп біздің береріміз. 
Тәуелсіз елде туған,жерде туған 
Қастерлейміз қасиетті өлкені біз. 
Шыңдалған Серпіндіктер тапқыр ойлы, 
Қазақтың желбіреген желкеніміз.


Университетіміздің бас ғимаратында дәл қазір "Жылы жүрек" атты қайырымдылық кеші өткізілуде.Бұл жолы қалың көрермен назарына "Моана" картинасы ұсынылды. "Темірді қызған кезінде соқ",-дегендей,студенттер бұған дейін де қайырымдылық акциясын өткізіп келеді.Нұр үстіне нұр болсын деген ниетпен, ізгі істердің ізін суытпай қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға колдан келер көмегімізді аямайық. Жақсылық жасау әр адамның қолынан келетін дүние.Тек ол үшін журекте адамдарға деген жылулық,мейірімділік қажет. Құрметті ұйымдастырушылар ұйымы! Игі істеріңіз өз нәтижесін беріп, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың алғысына бөленулеріңізге тілектеспіз!Жақсылыққа жақсылық жалғап қайрымдылық кешін өткізу университетімізде қалыптасқан дәстүрге айналарына сенеміз!


Қайырлы кеш! Шоқан Уалиханов атындағы КМУ-нің студенттері. Баршамызға аян 15 сәуір-Ғашықтар күні. Бұл мереке біздің университетімізде де дәстүрлі түрде өз дәрежесінде аталып өтті. Жалпы сайысқа төрт жұп қатысып, махаббаттың символына айналған Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің, Қалқаман мен Мамырдың, Еңлік пен Кебектің кейпіне енді. Атап айтатын болсақ, олар: Сырым мен Самал, Ахмедияр мен Нұрай, Асланбек пен Жансая,Жанболат пен Жайна есімді жарасымды жұптар. Аты аталған қатысушылар сайыста төрт кезең бойынша бақ сынады. Яғни, таныстыру, өзін-өзі көрсету, викториналық сұрақтар, сахналық көрініс арқылы өнерлерін қалың көрерменге паш етті. Сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен 3 орынды иемденген Асланбек пен Жансая жұбы. 2 орын иегерлері Жанболат пен Жайна жұбы. 1 орын Сырым мен Самал есімді жарасымды жұпқа бұйырды. Ал сайысымыздың бас жүлдесінің иегерлері Ахмедияр мен Нұрай жұбы. Жеңістеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар, айта кетейік, сайысқа қатысушы ғашықтар жұбына  сый ретінде мамыр айында "Тұлпар" сауықтыру орталығына тегін жолдама берілді. Сондай-ақ, " Ең жарасымды жұп" номинациясы бойынша Әлмұрт Асланбек пен Жақсылық Жансая марапатталды."Ең өнерлі жұп" номинациясына ие болған Мұхтаров Жанболат пен Амангелдина Жайна және "Махаббат символы" номинациясының иегерлері Сырым мен Самал есімді ғашықтар жұбы марапатталды. Көрерменнің көңілінен шығып "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болған және бас демеушілеріміз арнайы дайындаған 10000 теңге сыйлығын қанжығаларына байлаған Ахмедияр мен Нұрай есімді жарасымды жұптар болды.  Құрметті ұйымдастырушылар ұйымы және сайысымызға қатысушылар сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Қанаттарыңыз талмасын. Әрдайым осылай ұйымшылдықтарыңыз жарасып, университетіміздің даңқын тек қана алға жетелей берулеріңізге тілектеспіз!


Университетимізде қараша айының 1 жұлдызында "Таланттар бәйгесі"болып өтті.Жарыстың мақсаты өнерлі студенттерді іріктеп алу болатын."Асыл тастан шығады,Өнер жастан шығады,-"демекші, серпіндік өнерлі студенттер өз бақтарын сынады.Өнерлі адамға әрқашан да бір кісілік орын бар. "Таланттар бәйгесіне" қатысушылардың арасында серпіндік жастардың қарасы көп болды.Нәтижесінде сөз өнері- өлеңде дегендей, Әбсадық Ботагөз, Амирхожа Ақмарал, Сатан Гүлжаухар ақындық бойынша сынға түсті. Бұзаубасова Айнара, Қойшыман Меруерт, Салтанат Мүсірова  ән айту бойыншабақ сынады. Әлімбеков Мақсат өзінің ерекше өнерімен көзге түсіп, серпін жастарының алды болды.Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!


Наурыз айының 13 жұлдызында Ақмола өңіріндегі іргелі оқу орындарының бірі-Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетің жанынан құрылған "Жауқазын" театрының 2017 жылғы алғашқы шығарылымы болып өтті. Құдайберген Насыров ағамыздың жетекшілігімен Сафуан Шаймерденовтың авторлық шығармасы "Дөкей келе жатыр" атты комедиялық қойылымы бүгін сахна төрінен орын алды. Режиссёры жас та болса тұнып тұрған талант иесі-Селикова Айымгүл. "Тойдың болғанынан боладысы қызық",-демекші, қыркүйек айынан бері күн сайын дайындалып, спектакльдің халық жадында сақталып қалуы үшін
театр актёрлері бар өнерлерін ортаға салып, үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Еңбектерінің жемісі, міне, бүгін көрермен көзайымына айналып отыр. 7 жылдық тарихы бар "Жауқазын" театры Құдайбергенов Насыров ағамыздың және бұған дейінгі театрдан түлеп ұшқан шәкірттерінің, бүгінгі театр актёрлерінің еңбектерінің ақталғаны келешекте театр "Жауқазын халық театры" атағын иеленбекші. Ниеттеріңізге жетулеріңізге тілектеспіз!
Шыңнан шыңға самғап биік белестерден көрініңіздер. Бүгінгі қойылымға сүбелі үлесін қосқан актёрлерге және актёрлердің басын қосып, ұйымдастырушы-Қуаныш Махамбетжановқа алғыс білдіреміз!
Әрине, театрдың өрісін кеңейтіп, шәкірттерінің арқа сүйер жанашырына айналған- Қ.Насыров ағамызға айтар алғысымыз шексіз!
Егер театрға келемін, қатысамын деп ниет білдірушілер болса, "Жауқазын" театрының есігі сіздерге әрдайым ашық. Мекен-жайымыз: Политех.4-қабат.Акт зал.


«Серпін» әлеуметтік жобасы студент жастарының I республикалық форумы. Ертістің жағасында орналасқан әсем қалалардың бірі, көрікті мекені-Семей шаһары. Алаш ардақтылары жүріп өткен тарихи мекенде бас қосуда. Қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің ордасына айналған-Семей қаласы. Тарихи экскурсия өз жалғасын табуда. Еліміздің жер-жерінен келген студенттер Түйемойнақ аралындағы «Өлімнен де ұят күшті» атты мемориалдық кешенімен, Ертіс өзеніндегі аспалы көпірімен, «Өлкетану» мұражайымен таныстырылды. Ұлылардың мекенінде орналасқан Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиевтің құрметіне қойылған ескерткіштермен танысып өтті. Қазақтың бас ақыны-Абай атамыздың кіндік қаны тамған жерде орналасқан мұражаймен хабардар болды. Форумнан алған әсер тамаша! Толассыз идеялар, тарихи өлкеден алған патриодтық сезім адамды еріксіз алға қадам басуға жетелейді   Елімізде жалпыға ортақ еңбек қоғамын ұсынған елбасымыздың сара жолының жүзеге асырылуы бағытында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға», «Серпін» бағдарламасы қарқынды түрде жұмыс жасап келеді. Бұл сөзімнің дәлелі алғаш рет ұлылардың кіндік қаны тамған жерде, құтты тұғырға айналған мекенде яғни, Семей қаласында I республикалық форум өткізілді. Талай бұлбұлдар мен дүлдүлдердің қоныс тепкен мекенінде Серпін жастары тарихи орындармен, көрікті жерлермен таныстырылды. Нақтырақ тоқтала өтсем, студенттер қаладағы аспалы көпірге негіз болған Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ғимаратымен таныстырылды. Оның жобасын ұсынған жапондықтар яғни, Исакавадзима Харима Хеви Индастриз компаниясы. Қалаға сән беріп, ажарын ашып тұрған бірден-бір сәулетті мекен де осы жер. Студент жастардың сапары одан әрі тарихы мол көрікті орындармен жалғасын тапты. Қазақтың дана, дара тұлғаларының құрметіне қойылған ескеркіштермен таныстырылды. Атап айтатын болсам, ұлылардан бастау алған қазақтың ұлы жазушысы-А.Құнанбаевтың музейімен,туған ауылымен оның немере інісі Ш.Құдайбердиевтің ескерткішімен, маңдайға біткен бағы біртуар дара жазушысы-М.Әуезовтің құрметіне қойылған ескеркіштерпен, балалық шағындағы балдәурен күндерін өткізген ауылымен таныстырылды. Одан әрі талай жастың махаббатына сеп болған, ғашықтардың нышанына айналған киелі «Еңлік-Кебек» кесенесіне ат басын бұрды. Жолға шыққан жолаушы студенттердің алған әсерлерін сөзбен жеткізе алмаған жерлердің бірі- «Күшікбай» бұлағынан дәм татқан сәт еді.Осылайша, бірқатар белсенді Серпін студенттері ұлылар мекеніне тағзым етіп, жобаның алға өрлеуіне жоспар құрып қайтты. Даналардың көзі тірісінде қолданған дүниелерін көзбен көріп, қолмен ұстап халқымыздың тарихына бас иіп қайтты.

Бой алдырмай келетін сан күдікке, 
Бақыт сыйлап білетін бар жүрекке. 
Серпінге айтар алғысым мына менің 
Ғұмырың жете берсін мәңгілікке.

Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті, университетіміздің бас сардары-Әсет Ибраев Нұрланұлы. Семей қаласында өткен «Серпін» әлеуметтік жобасы студенттері I республикалық форумына қатысып қайттым. Форум «Алаш ардақтыларының жүріп өткен сара жолымен» жүруден басталып, ректордың қабылдауы, студенттік басқосулармен өз жалғасын тапты. Осынау руханият ордасында, ежелгі қалада форумның биылғы жылы алғаш рет өткізілуі де тегін емес. Өйткені, биылғы жылы алаш қайраткерлеріне 100 жыл толып отыр. Жалпы Семей қаласы нағыз мықтылардың табан тіреген мекен. Бұлай деуіме себеп А.Құнанбаев, М.Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ш.Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Ә. Бөкейханов секілді қайраткерлеріміздің мекен еткен аймағы. Біз аты аталған тұлғалардың туған жерлермен, кітапханаларымен, зертханалық жұмыстарымен, қарашаңырақтарымен таныстық. «Еңлік-Кебек» пьесасының шығу тарихымен жақынырақ танысып, тарихи оқиға болған мекенде болып, бір сәт сол оқиға көз алдымыздан бұлбұлдай ұшып өткендей әсер алып қайттық. Кейіпкерлердің құрметіне қойылған ескерткіш қызыл күрең, ақшыл сары түстермен безендірілген. Маңдайшасында «Еңлік-Кебек» деп ғашықтардың аты көркемдеп жазылған. Айта кетейін, пьеса алғаш рет осы маңда Ералы жазығындағы киіз үйде сахналанған. Кездесуде есте қалған ерекше ауыз толтырып айтуға келетін дүниелердің бірі-Серпін аллеясын шетел ағаштарымен өз қолымызбен отырғыздық. Мұндағы мақсат достығымыз мәңгі болсын деген ниетпен жасалған жұмыс. Біздің аллея Еуразияның нақ кіндігінде орналасқан Жидебай жерінен орын алды. Осылайша Шыңғыс тауының бөктеріндегі экскурсиямызды ұлылар мекеніне тағзым етіп тарихи-мәдени дүниетанымымызды кеңейтіп тамамдадық. Форумнан алған әсер өте тамаша. Жобаның жаңа бағыттары мен тың идеялары одан әрі серпіндіктерге шабыт сыйлады. Форумға ҚР Білім және ғылым вице-министрі-Э.А.Суханбердиев, Семей қаласының әкімі-Е.А.Бидахметұлы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-министрі- Т.Т.Асқаров, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетітің ректоры-Ш.А. Құрманбаева қатысып, өз ойларын білдіріп, студент жастарға жүрек жарды ақ лебіздерін білдіріп, қатысушылардың арасында жастардың мәселесін ауқымды көлемде талқылап өтті. Қазіргі таңда бағдарлама халықтың сұранысына ие бағдарламалардың бірі. Жастар жағынан болсын, аға буын өкілдерінің тарапынан болсын, қолдау тауып отыр. Мемлекет білім алушы жастарға барлық жағдайды жасап отыр. Оны әрі қарай дамыту да, өрісімізді кеңейту де өз қолымызда. Бүгінгі таңда Польша мемлекетінде академиялық ұтқырлықпен 22 студент 6 айға оқуын жалғастыруда. Форумға қатысушыларға шет елде білім алып жатқан серпін студенттері ақжолтай сәлемдерін жолдап, серпіннің кең самғауына тілектерін білдірді. Баршамызға аяң биыл серпін бағдарламасына 3 жыл толып отыр.Осы орайда, ұядан алғаш түлеп ұшқан қырандарымызға қанаттарын талмасын дей келе, енді ұшқалы жатқан өрендерімізге жауапты жобаның жауапкершілігін сезініп, қоғамға жаңа тың идеялармен серпіліс еңгізейік демекпін.


Қараша айының 17 -жұлдызында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, университетіміздің 20 жылдығы қарсаңында "Шоқан жұлдызы" мәдени іс-шарасы дәстүрлі түрде 12-інші рет аталып өтті.Университетіміздің ректоры-Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы студенттерді төл мерекелерімен құттықтады.Білім мен өнерді қатар ұстап,университетіміздің мәртебесін асқақтатып жүрген студенттерімізге ізгі ниетін білдіріп, "Шоқан жұлдызы"номинациясымен марапаттады.Атап айтқанда,Қабылдышев Рустем,Ғабылмажит Данияр,Темірбеков Жандос,Мусайбекова Тоғжан,Бақытжанов Мирас, Қайыргелді Гүлназ,Салаубек Дана т.б студенттер "Шоқан жұлдызы"атанды."Серпін-2050"бағдарламасының алғашқы түлектері, 3-курс студенттері-Керімбеков Бексұлтан және Нысанбек Күләш қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,ғылым мен білімде жетістікке жетіп,"Шоқан жұлдызының "иегерлері атанды. Олимпиада чемпиондары мен белсенді студенттерге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар,университет ректоры студенттер күніне арнайы министрліктің сыйы ретінде 310 орындық жаңа жатақхана қолданысқа берілгенін хабарлап өтті.Кеш соңы әуелеген әнмен,мың бұралған бимен,серпіндіктерден тұратын университетіміздің "ШУ"құрамасының әзілімен жалғасты.Сөз соңында Ә.Ә.Әбжаппарұлы студенттерді университетіміздің бетке ұстар студенті болуға,болашақта еліміздің көркейіп, өсуі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.