Skip to main content
x

Кафедра русской филологии и библиотечного дела

Кафедра тарихы:
Орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының тарихы Ақмола облысындағы  алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Ш.Уәлиханов атындағы КМУ тарихының бейнесі іспетті.   
1962 жылы Көкшетау педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ретінде ашылып, қайта құру процесін, классикалық гуманитарлық білім беру бойынша негізгі пәндерді жүргізетін өзге кафедралармен бірігу кезеңдерін бастан өткерген орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасы қазіргі уақытта мақсат-рухымен үйлескен, жаңа ғылыми және кәсіби мәселелерді шешудегі академиялық бірізділіктің үлгі-өнегесі болып отыр. Орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасы университеттің барлық мамандықтарында практикалық орыс тілінің оқытылуын да қамтамасыз етеді.
Бүгінде орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасы – өзіндік ғылыми-әдістемелік орталық, онда 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты (олардың үшеуі – доценттер), академиялық доценттер, магистрлер, аға оқытушылар жоғары білікті мамандар даярлығын жүзеге асырады.
Барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Оқытушылардың басым бөлігі Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің түлектері болып табылады, 4 оқытушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін, бір оқытушы Томск мемлекеттік университетін бітірген. 7 оқытушы аспирантураның күндізгі бөлімін (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, КСРО ПҒА, Томск мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті), бір оқытушы Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ докторантурасының күндізгі бөлімін, бір оқытушы  Н.А.Добролюбов атындағы Нижегород мемлекеттік университеті докторантурасының сырттай бөлімін аяқтаған.
Кафедраның көптеген оқытушыларының есімдері (ф.ғ.д., проф. А.Д.Жақыпова, ф.ғ.д., проф. м.а., О.А. Анищенко, ф.ғ.к., доц. Б.А.Газдиева және т.б.) Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Германия, Польша, Италия, Болгария, Қытай, Финляндияда да танымал; олар бірқатар оқу құралдарының, монографиялардың, сөздіктер, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының авторлары болып табылады.  
Кафедраның ОПҚ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ҒЗЖ бағдарламасына енетін «Орыс тілі мен әдебиетін ҚР әлеуметтік-коммуникативтік  кеңістігінде оқыту мәселелері: лингвистикалық, функционалдық, салыстырмалы, әлеуметтік-лингвистикалық, когнитивтік, әдістемелік мәдениеттанымдық аспектілер» тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Кафедраның көптеген оқытушылары Көкшетау қаласындағы мектептердің жетекші әдіскерлері болып табылады. П.ғ.к., доцент Н.П.Локтионова, ф.ғ.к., доцент М.В.Тавлуй, аға оқытушы Г.В.Забинякова авторлары болып табылатын бағдарламалар мен оқулықтар бойынша  бүгінде Қазақстанның эксперименттік 5-ші және 6-шы сыныптары оқытылуда.  
Кафедраның оқытушылары халықаралық және республикалық конкурстарға қатысады.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері: 2006 жылы –  ф.ғ.д., проф.м.а.  Анищенко О.А.;  2010 жылы –  ф.ғ.к., доцент Асенова А.Б.;  2011 жылы –  ф.ғ.д., профессор  Жақыпова А.Д.,  2012 жылы – п.ғ.к., доцент Локтионова Н.П.
Орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының ғалымдары  зерттеулерінің нәтижелерін апробациялай отырып, жыл сайын республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады, халықаралық қорлардың бағдарламаларына, гранттарға, жобаларға  қатысады. Кафедра базасында қала және облыс мектептерінің оқытушыларының қатысуымен «Орыс тілі мен әдебиеті әдістемесінің жай-күйі мен келешегі» тақырыбындағы ғылыми семинарлар өткізіледі.
Ф.ғ.д. А.Д.Жақыпова – «Диалектілік тұлғаның толық сөздігі» лексикографиялық жобасының қатысушысы. 4 тт. (ТМУ, Ресей, Томск). Ф.ғ.д., профессордың м.а. О.А.Анищенко – «ХIХ ғ. орыс тілі сөздігі» (РҒА Лингвистикалық зерттеулер институты, Ресей, Санкт-Петербург) лексикографиялық жобасының қатысушысы. Ф.ғ.к. Б.А.Газдиева «Non-native  Russian and non-native Finnish as lingua francas» (Финляндия Академиясымен қаржыландырылатын) ғылыми жобасының қатысушысы болып табылады.

Ф.ғ.д. А.Д.Жақыпова – «Шетелдегі қазақ диаспорасы: Ұлыбритания,  Финляндия, Польша, Германия» жобасының жетекшісі (жобаның қатысушылары:  ф.ғ.к. Б.А.Газдиева, ф.ғ.к. Г.Т.Фаткиева). Ф.ғ.д., профессордың м.а. О.А.Анищенко – «Балалар әдебиеті көпмәдениетті қазақстандық қоғамында рухани-адамгершілік тұлғаны дамыту негізі тәрізді» жобасының қатысушысы.
Ф.ғ.д. А.Д.Жақыпова – «Қазақ этносының тіларалық және мәдениетаралық өзара іс-әрекет аспектісіндегі ұлттық-мәдени доминанттары» ғылыми жобасының жетекшісі (жобаның қатысушылары: ф.ғ.к. Б.А.Газдиева, А.Ө.Мұқашева).
Кафедра атағын арттыруға студенттер де атсалысады, атап айтсақ, Халықаралық ғылыми конференцияларға  әр жылдары қатысып, жүлдегер атанған студенттер Ж.Қапарова мен Е.Андроняк (Мәскеу қ., М.В.Ломоносов атындағы ПМУ),   Ю.Аубакирова, Р.Сайтхужинова (Павлодар қ., Қ.Сәтпаев атындағы ПМУ), Л.Пистовникова, Т.Пузеева (Астана қ., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) және басқалары. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша өткізілген Республикалық олимпиадаларға да белсенді қатысып, кафедра атағының артуына үлес қосқан студенттер:  М.Погребец, Л.Савченко сынды студенттеріміз 2006 жылы Өскемен қаласында жоғары марапатқа ие болды, 2008 жылы Петропавл қаласында жеңімпаз болған А.Беляев, Е.Марчевская, К.Ожерельев сынды студенттеріміз осы дәстүрді жалғастырды. Е.Чмель, С.Каратеев, Г.Жураковская сынды студенттеріміз 2010 жылы Астана қаласында үшінші орынға ие болды. В.Хлыстова, Ю.Савенок, З.Кенжекеева сынды студенттеріміз 2011 жылы Астана қаласында өткен студенттердің үшінші республикалық  пәндік олимпиадасында үшінші орынды жеңіп алды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша өткізілген республикалық конкурсының қорытындылары бойынша студентіміз К.Ю.Панченко  Білім және ғылым министрлігінің  Дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., О.А.Анищенко).  
Профессор О.А.Сұлтанияев атындағы дәрісхана,  өңірдің фольклорлық материалдары жиналатын және өңделетін орыс фольклорына арналған мамандандырылған кабинет жұмысы факультеттің интеллектуалды және рухани  әлеуетін қалыптастырудың сапалы тәсіліне қолдау көрсетеді. Орыс филологиясы кафедрасының қалыптасу кезеңінің бастау көзінде болған профессор О.А.Сұлтанияевты еске алуға арналған «Шұрайлы сөзің шебері» конференциясы кафедра мүшелерінің күшімен  дәстүрлі түрде өткізіледі.
Кафедрада ғылыми-педагогикалық бірліктің негізін құрайтын оқытушылар мен студенттердің өзара шығармашылық тұрғыдағы ғылыми мектебі қалыптасқан.

Фаткиева Гульнара Тагировна

старший преподаватель кафедры русской филологии и библиотечного дела,
к. ф. н.
Телефон +7 (7162) 25-03-15;
Аудитория №314, Корпус № 1
E-mail: fatkieva_2006@mail.ru

Фаткиева Гульнара Тагировна

Орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының меңгерушісі

Білім беру бағдарламалары:
·    5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
·    5В020500 – Филология
·    5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
·    5В091000 – Кітапхана ісі
·    6M011800 –5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
·    6М020500 – Филология
·    6D020500 – Филология


Оқу және ғылыми зертханалар:
1.    Профессор О.А.Сұлтаньяев атындағы ғылыми оқу залы
2.    Фольклор кабинеті

Кафедраның ОПҚ:
·    Фаткиева Гульнара Тагировна
·    Жақыпова Айгүл Досжанқызы
·    Анищенко Ольга Александровна

     Газдиева Белла Асланбековна
·    Локтионова Наталья Петровна
·    Асенова Айтжан Бекболатқызы
·    Тавлуй Марина Васильевна
·    Темірова Жанна Германқызы
·    Қасенов Сапар Нығметұлы
·    Тимофеева Ольга Николаевна
·    Нүрпейісова Мира Шәріпқызы
·    Забинякова Галина Валентиновна
·    Мұқашева Ақбота Өміржанқызы
·    Аниева Нұргүл Ғалымқызы
·    Туровская Екатерина Ивановна
·    Жиеналина Айжан Мұхамеджарқызы
·    Буженова Гүлзара Қасымқызы
·    Магзумова Алма Таужановна


Кафедраның оқу-көмекші құрамы:
·    Тышқанғарина Гүлмира Амангелдіқызы


Телефон: 8 (7162) 25-03-15
Кафедраның мекен-жайы: Абай к-сі, 76, № 1 оқу ғимараты, №314 кабинет.

Кафедраны таныстыру