Skip to main content
x

қос дипломды бағдарламалар туралы

ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Қос дипломды білім беру (ҚДББ) - бұл екі (және одан да көп) ЖОО-да бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша қатар білім алып, әрі қарай тиісті оқу орындарының дипломдарын алу мүмкіндігі.

ҚДББ бағдарламасының артықшылықтары:

- халықаралық тәжірибе;
- ЖОО аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективалары;
- серіктес ЖОО-ның жетекші оқытушыларынан прогрессивті білімді игеру;
- қос дипломды алу (Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті +серіктес ЖОО).

Оқу шарттары:

- жақсы академиялық үлгерім;

- шет тілін еркін білу;
-
білім алушыларының өзге серіктес ЖОО-да білім алудағы қызығушылығы;
- оқыту бағдарламасының қаржылық қамтамасыз етілуі.

 

Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестер:

 

Балтық халықаралық академиясы (Рига, Латвия);

KGUShV.jpg          RigaLatv.jpg

Білім беру бағдарламалары:  

1) жеке құқық (магистратура);

2) туристік бизнесті ұйымдастыру. Демалыс және ойын-сауық индустриясындағы коммуникацияларды басқару (магистратура).

 

Кіиапханатану және ақпараттық технологиялар университеті  

(София, Болгария);

BIT.jpgKGUShV.jpg

 

 

Білім беру бағдарламалары:  

 1) кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді басқару, басқару және қорғау (бакалавриат);

Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Омбы, Ресей Федерациясы)

OMGU.jpgKGUShV.jpg

Білім беру бағдарламалары: 

  1. Шет тілдерін оқыту әдістемесі (магистратура);
  2. Бағдарламалау және ақпараттық технологиялар (магистратура);
  3. Органикалық химия (магистратура);
  4. Ұйымдастыру психологиясы (магистратура);
  5. Математикалық модельдеу (магистратура).

 

Томск мемлекеттік университеті (Томск қ., Ресей)

TGU.jpgKGUShV.jpg

Білім беру бағдарламалары: 

1) Қоршаған ортаны қорғау (магистратура)

 

Оқыту тілдері: орыс тілі, ағылшын тілі

Бағдарламаның нәтижелері: Әр серіктес ЖОО-нан академиялық дәреже мен транскриптті беру туралы қалыптасқан үлгідегі дипломдар  

 

Қосымша ақпаратты Бас оқу ғимаратының 212 кабинетінде алуға болады.  

Анықтама алу үшін телефондар: +7(7162) 72 11 22, 8 708 444 24 16

e- mail: academ.poly.dep@gmail.com