Skip to main content
x

Магистратура

Магистратура -  білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары екі бағытта жүзеге асады:
·    ғылыми және педагогикалық бағыт  бойынша 2 жыл нормативті оқу мерзімімен және теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін,  практиканың кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;

·    бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен және теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту.

Магистратураның бағдарламалары мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз ете отырып, түлектердің кейін ғылыммен, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметтермен табысты айналысуына мүмкіндік береді.
Магистратурада оқу белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді, жетекші мамандардың жетекшілігімен ғылым мен өндірістің басымды салаларында ғылыми жобаларға қатысуды жобалайды.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де  Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен  5 мамандық бойынша  магистратурадағы екі дипломды білім беру бағдарламасы енгізілген. Оқуға түсушілер бір уақытта екі университетке тиісті түсу сынақтарын тапсырады және Университеттердің қабылдау ережелеріне сәйкес құжаттарын тапсырады. Оқу мерзімі – 2 жыл (әр ЖОО екі семестрден). Бітірушіге Қазақстан Республикасының БҒМ және Ресей Федерациясының БҒМ-нің мемлекеттік үлгідегі екі дипломы беріледі.
Магистратураға/докторантураға оқуға түсу Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Магистратураға / докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын :
-    бір шет тілінен (ағылшын, неміс , француз);
-     мамандық бойынша тапсырады.
Магистрантта/докторантта магистратураның/докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын игеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы керек. Пререквизиттер болмаған жағдайда оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады, бұл үшін университет жазғы семестрді ұйымдастырады.

Магистратураға/докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі
Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1.Ұйым басшысының атына өтініш;
2. Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
3. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы;
4. Еңбек кітапшасының  нотариалды түрде расталған көшірмесі  (болған жағдайда);
5. 3x4 өлшемдегі алты фотосурет;
6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
8. Ғылыми жарияланымдар мен  ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
9. Шет тілінен тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа);
10. Файлды қағаз тігетін папка;
11.  Конверт (диплом пішіні бойынша), 3 файл.
12. Ақылы негізде түсуші тұлғалар үшін  магистратураға қабылдау барысында – келісімшарттың жасалуына және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат.
Шет тілінен емтихан Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де өткізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында өткізіледі, қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Ақпараттық пакеттер:

Магистратура бойынша білім беру бағдарламалары:

Элективті пәндер каталогы: