Skip to main content
x

Медициналық факультет

Мекен - жайы: Абай,76 к-сі, корпус №1, кабинет № 105
қабылдау бөлмесіңің телефоны: 8(7162) 40-13-61

e-mail: medicina.fakultet@bk.ru

Новости МФ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша  04.23.2018 жылғы 023 лицензия номерімен (2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 12019134 мемлекеттік лицензиясы) қосымша алды.

Оқу мерзімі 5 жыл + 2 жыл тағылымдама (дәрігер біліктілігімен). Оқу түрі – толық жұмыс  күні. Оқу тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

5 жыл + 2 жыл тағылымдамадан өткен түлекке дәрігер біліктілігі тағайындалып, жоғары медициналық білім жөнінде диплом, оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары мен бағалары көрсетілген дипломға қосымша (стенограмманы) және тағылымдамадан өткені туралы сертификат беріледі. Оқуын аяқтаған түлекке заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес дәрігер ретінде жалпы практикалық дәрігер,  акушер-гинеколог, хирург, педиатр, жалпы практика дәрігері сияқты бес қызметке кірісуіне рұқсат беріледі. Ол оқуын магистратурада немесе резидентурада жалғастыруға құқығы бар.

  5 жылдық оқуды бітірген түлек клиникалық іс-тәжірибесіне қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс жасауға ынталанса, оған медицина бакалавры ғылыми дәрежесі тағайындалып, жоғары медициналық білім жөнінде диплом, оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары мен бағалары көрсетілген  дипломдық өтінім (стенограмма) беріледі. Медицина бакалаврының оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыру мүмкіндігі бар. 

 

Кадрлық әлеует:

- медицина факультеті профессор-оқытушы құраммен жасақталған (7 штаттық оқытушы, 18 қосалқы атқарушы қызметкер).

Медицина факультеті деканатының құрамы:

- медицина факультетінің деканы - Светлана Кабденқызы Мұратбекова; 

- деканның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары - Инабат Қанатқызы Ұзақпаева

- деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Шамшикамал Шакуқызы Оспанова; 

- клиникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі – медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Қарайұлы Тұрлыбеков;

- морфология, физиология және жалпы патология  кафедрасының меңгерушісі -  медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Тілеуғабылұлы Айтқұлов. 

Медицина факультеті өңірлік оқу орталығының клиникалық медицина базаларымен, Қарағанды мен Астана қалаларының медициналық ЖОО-мен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды. 

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат:

· 5В130100 «Жалпы медицина»

 

Светлана Кабденқызы Мұратбекова


Контакты: 77-07-07
Часы приема: 226 каб
Пн, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Светлана Кабденқызы Мұратбекова

Медицина факультетінің деканы

Ұзақпаева Инабат Қанатқызы

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Ұзақпаева Инабат Қанатқызы

Деканның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары

Шамшикамал Шакуқызы Оспанова

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Шамшикамал Шакуқызы Оспанова

Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Макенов Жанат Вахитович

Магистр финансов, ст.преподаватель
Контакты: 77-15-69, 8-747-994-28-66
Часы приема: 226 каб
Пн, Вт, Ср, Чт, Пт-14:00-16:00 ч. Сб-09:00-10:30ч.

Макенов Жанат Вахитович

Шет студенттерімен жұмыс жүргізетін тұлға ретінде медицина факультеті деканының орынбасары

 

Факультет кабинеттері

- заманауи жоғары технологиялық құрал-саймандармен, компьютерлік қамсыздандыруы бар  муляждармен және фантомдармен жабықталған симуляциялық  кабинет; 

- анатомия және физиология кабинеті;

- патологиялық анатомия мен физиология кабинеті;

- цитология мен гистология кабинеті;

- эксперименталдық психология кабинеті;

- тілдік дайындық, лингафон кабинеті;

- ЯМР спектроскопия зертханасы;

- биологиялық химия кабинеті;

- органикалық және биоорганикалық химия және т.б. кабинеттер.

- Медицинадағы  3D технологиясы зертханасы

- адам анатомиясы мен физиологиясы, сондай-ақ синдромды диагностика және ішкі аурулар клиникасы бойынша оқуға арналған 2 цифрлық бағдарлама;

 

- "Виртуалды клиникалық академия" мультимедиялық сынып.   

 

Студенттер контингенті

31.10.2018 ж. жағдай бойынша «Жалпы медицина» мамандығының студенттер контингенті 165 адамды құрады, оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша 50 адам, БҒМ гранты бойынша – 12 адам, 103 студент ақылы негізде оқиды, оның ішінде Бұланды, Зеренді, Біржан сал, Астрахан, Сандықтау аудандарының ЖАО-мен жасалған шарттар бойынша – 13 студент, заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша - 4, Қостанай облысының әкімімен жасалған шарт бойынша – 1 адам оқиды.

          Интернатура

Интернатураның1-курсына12 адам қабылданды, оның ішінде ҚРДСМ-мен 2018 жылдың аяғына дейін оқу ақысы мен шәкіртақы төлеу туралы шарттар жасасқан гранттармен 6 адам білім алуда. Бакалавриат пен интернатураның барлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді. Осы оқу жылының 2-ші семестрінен бастап, Қарағанды медициналық университетімен резиденттердің көшпелі практикасына жіберу туралы 3 жақты КМУ-ҚММУ-ЕПБ меморандум аясында алдын ала келісім жасалды.

Шет ел студентері туралы ақпарат

         Шет студенттерімен жұмыс жүргізетін тұлға ретінде медицина факультеті деканының орынбасары Ж.В.Макенов тағайындалды. 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті      «SunTrap 786 LIMITED» фирмасымен (директоры  Sheikh Farooq (Шейх Фарух)  ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Шартқа сәйкес, университет фирмаға Үнді, Пәкістан, Шри-ланка, Непала, Багладештен талапкерлерді тарту бойынша 08.06.2023 жылға дейін көмек көрсету туралы құқық береді.

Бүгінгі таңда 2018 жылда университетке оқуға түсу үшін Үндінің 50-ге жуық студентін жіберу туралы келісім бар.