Skip to main content
x

Көкшетауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған Экологиялық ұйымдар форумы өтті.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қырыққа жуық адам жиналды. Іс-шараға еңбек ұжымдарының өкілдерімен қатар студенттер қатысты. Кездесу барысындағы әңгіме олардың әрқайсысына қатысты болды, сондықтан барлық қатысушылар талқылауға белсенді қатысты. Сөз болашақ  Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев туралы болды.

 

«Ақмола облысының туристік қауымдастығы» ЗТ пен ЖКБ төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Сұлтанов форум модераторы ретінде болды. Оған жоғары міндет жүктелді: Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың мүддесіне өкілдік ету. Белгілі қоғамдық көшбасшының мінбеден сөз сөйлегенде айтар сөз көп болды. Ол туризмді, онын ішінде балалар туризмін дамыту, студенттердің бастамалары, мысалы, құрылыс жасақтарын құру туралы. Ш. Уәлиханов атындағы КМу-нің алғашқы 23 студенті жұмысқа аттанды. Бұл бастама Республикада, мүмкін, БҒМ мен өңірлердің әкімдіктерінде де қолдау тауып, Түркістан облысына 5000 студент жіберіледі.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев - кандидаттың сенім жүктелген тұлғасы. Ол өзінің баяндамасында кандидат туралы, оның бағдарламалары және ол сайланғаннан кейін елдің болашағы туралы сөз қозғады. Марат Сырлыбаев кандидат әкесінің кітаптарында тәрбиеленгенін және оның мақтауға тұрарлық ұлының өкілі болғанына қуанышты екенін атап өтті.

Сондай-ақ, өз пікірін «Kazakhstan Innovations» ҚҚ төрайымы Мариям Әбішева да айтты. Спикерлердің әрқайсысы студенттердің және өзге форум қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Кейбір білімқұмар жастардың шақпа сұрақтарына қарамастан, кездесу қызықты өтті. Форум қатысушылары бір сағат бойы жай отырмай, мүмкіндікті пайдаланып, көп ақпарат алды.

Сайлаушылардың ұсыныстары пен тілектері «BIRGE» жалпыұлттық акция аясында уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберіледі.

270520191602_1.JPG

270520191602_1.JPG

270520191602_1.JPG

270520191602_1.JPG

270520191602_1.JPG

270520191602_1.JPG