Skip to main content
x

«Қош бол, студенттік кездер –ай!»

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы  колледжінің түлектеріне дипломдар табыстау рәсімі өтті.

           2019 жылдың 27 маусымында «Көкшетау» Мәдениет Сарайында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы  колледжінің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

Ағымдағы жылы күндізгі және сырттай оқу бөлімінің 67 түлегі, оның 13-і - үздік дипломдармен бітіріп шықты. Үздік студенттерге колледж басшылығының атынан  алғыс хат және мадақтама табыс етілді.

          Мерекелік іс-шараны Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы ашты. Ол барлық оқу жылы бойы шығармашылық конкурстарға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға белсенді түрде қатысып жүрген түлектер, сондай-ақ жоғары нәтижеге қол жеткізген және колледждің ғана емес, сонымен қатар университеттің жетістіктерін жинақтауға үлес қосқан түлектерді атап өтті.

          Оқу  жылы  бойы өздерінің оқушыларын үнемі сүйемелдеп жүрген колледж директоры Р.Б.Уaисов, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ж.Жүсіпбекова, педагогикалық мамандықтар бөлімінің  меңгерушісі Г.Б. Магзумова, әлеуметтік-экономикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Д.Мұқашева  студенттеріне алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, табысты еңбек, бақытты өмір тіледі.

            Іс-шара  мерекелік көңіл – күйде  өтті. Келешекте мамандық бойынша жұмыс істеу, университетте жоғары білім бойынша оқуды жалғастыру – барлық өмірдің әлі алда екенінің дәлелі.

            Колледждің педагогикалық ұжымы өз түлектерін колледжді сәтті аяқтағанымен құттықтайды!

Әрқашан алда және   табысты болыңыздар!

280620191509_1.jpg

280620191509_1.jpg

280620191509_1.jpg

280620191509_1.jpg

280620191509_1.jpg