Skip to main content
x

                      «Саналы  ұрпақ – жарқын болашақ»

      Жаңа оқу жылының басталуы өте жарқын, қызықты және есте қаларлық мереке, өйткені бұл бастама, достармен кездесудің қуанышы, жақсы бастамалардың, батыл эксперименттердің, ашылулар мен жетістіктердің символы, шынайы көңілдіктің қуанышы, тосын сыйды күту...

    2019 жылдың  2 қыркүйегінде  еліміздің барлық оқу орындарында жас ұрпақ арасында адалдық, әдептілік, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты өткізілді. Адалдыққа тәрбиелеу қазіргі білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

      Сол күні Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжде «Саналы ұрпак - жарқын болашақ» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті, онда адамгершілік құндылықтар, өмірдің түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық және оның алдын-алу қажеттілігі туралы айтылды.

    Жастық шақта болашақ азаматтың әдептілік негіздері қаланады, негізгі рухани құндылықтар бойға сіңіріледі, бұл баланың ересек кезінде өмір сүрінуіне жол бермейді.

    Колледж директоры  Р.Б. Уаисов студенттерді жаңа оқу жылымен,  ең әдемі уақыт - студенттік өмірдің басталуымен құттықтады.

050920191021_1.jpg

050920191021_1.jpg

050920191021_1.jpg

050920191021_1.jpg

050920191021_1.jpg

050920191021_1.jpg