Skip to main content
x

Ғылым мен өндіріс мүдделерінің тоғысқан жерінде – сенімді

қарыс-қатынастар

 

2019 жылғы 18 қыркүйекте Ш. Уәлиханов КМУ мен "Тыныс" АҚ-ның  арасындағы көпжылдық өзара тиімді ынтымақтастық аясында шойын құймаларының сапасын арттыру бойынша жоспарланған ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпорын мен жоғары оқу орын арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың перспективалы бағыттарын талқылау  мәселелері бойынша серіктестердің кезекті жұмыс кездесуі өтті.

Кеңеске «Тыныс» АҚ атынан кәсіпорын жетекшісі Қалманбаев Қайрат Жаныбайұлы, бас инженері Султангареев Анвар Александрович және құю өндірісінің мамандары, ал университет атынан  ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Айгүл Досжанқызы Жақыпова, техника және тезхнологиялар факультетінің деканы Хасен Ғабдоллаұлы Абсалямов, және технологияларды коммерциялау кеңсесінің маманы қатысты.

Кездесу қатысушылары құю өндірісінің ғылыми-зерттеулер мақсаттағы материалды-техникалық базасымен танысып, ғылыми жұмыстар нәтижелерін алғаннан кейін технологиялық перспектива болашағын талқылады. Кәсіпорын өкілдері Қазақстандағы авиациялық машина жасау саласындағы жоспарларымен бөлісіп, зауыттың зерттеу дағдылары бар экономисттер, жобалаушы инженерлер сияқты білікті кадрлардағы қажеттілігі туралы айтты.

Өндірістік сипаттағы мәселелермен қатар кәсіпорынның тікелей қолдауымен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Студенттермен алмасу алаңшасы ретінде ресейлік авиациялық ЖОО ұсынылды.

Екі тарап ғылымды дамытудың және кадрлар даярлығының қолданыстағы жоспарларына өзгерістер енгізу туралы келісті.

200920191103_1.jpg

200920191103_1.jpg