Skip to main content
x

Жалпықалалық сенбілік

 

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің Қаулысына орай Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау мақсатында  дәстүрлі күзгі экологиялық айлық басталған болатын. 

Осы экологиялық айлықты өткізу шеңберінде Көкшетау қаласының  аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау бойынша көшелер мен тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында 2019 жылғы 5 қазан күні жалпықалалық сенбілікке Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы да белсене қатысты. 

Сенбіліктің мақсаты - қаланың шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, студент-жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосу.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ проректоры А.А.Сейітқасымовтың басқаруымен іс-шараға университеттің оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ студент-жастары қатысты.

Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен қамтамасыз етілді.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Сөйтіп, білім ордасының ұжымы бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз Көкшетауды абаттандыру ісіне өз үлестерін қоса білді.

Шара соңында университет оқытушылары мен қызметкерлері  естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.

Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG

071020191124_1.JPG