Skip to main content
x

Түлектерімен кездесу

 

2019 жылғы 1 қараша күні Аграрлық-экономикалық институтының   «Экономика және есеп» кафедрасында  СҚО, Горький орта мектебі түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.

«Экономика және есеп» кафедра меңгерушісі И.Д.Ашимова және кафедраның оқытушылары: А.М.Бекетова, З.Д.Тлеубаева, К.А.Кальжанова, А.Т. Конуспаева «Есеп және аудит» мамандығына сипаттама беріп, 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша зертханалық сабақтар жүргізетін кабинеттермен таныстырды және басқа мамандықтар бойынша жабдықталған кабинеттерге де экскурсия ұйымдастырды.

Кездесу барысында «Экономика және есеп» кафедрасының  меңгерушісі И.Д.Ашимова сөз сөйледі, жоғары сынып оқушыларына оқытушылар мамандықтың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Кафедра ұстаздары жас түлектерге жақсы тілектер білдіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, «Есеп және аудит» мамандығына оқуға түсу кезінде қабылдау ережелері туралы, оларды қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды.

Болашақ түлектерге университетке түсу туралы толық сипатталған буклеттер де таратылды.

Мұндай маңызды кездесулер түлектерге болашақ кәсібі туралы,  әр мамандықтың артықшылықтарын біліп-тануға, оларға өзінің болашақ  мамандығын таңдауда үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

 

051120191016_1.jpg

051120191016_1.jpg

051120191016_1.jpg