Skip to main content
x

СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2019 жылдың 14 қарашада Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Политехникалық факультетінде «Тау-кен ісі, Құрылыс және ТӘҚ» кафедрасының оқытушылары мен «Тау-кен ісі» мамандығының студенттерінің ЖШС «Тиолайн» жұмыс берушілермен кездесуі өтті.

Іс-шараға ЖШС «Тиолайн» директоры Виктор Долгалев, ЖШС «Тиолайн» директорының даму жөніндегі орынбасары Данил Долгалев, «Обуховский» КБК бас инженері Ерлан Зарипов қатысты. Кездесуді Политехникалық факультетінің деканы Хасен Абсалямов ашып, ЖОО мен өндірістік сала арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесу жемісті өтіп, студенттер тәжірибесі және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері, сондай-ақ Үндістан, Австралия, Канада, Қытай және т.б. елдерде шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі талқыланды.

151120191236_1.jpg

151120191236_1.jpg