Skip to main content
x

Білім ордасында ақын Еркеш Ибраhим атымен

ақындар клубы ашылды

 

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Еркеш Ибраhим атындағы ақындар клубының салтанатты ашылуы өтті.

         Мәдени шараға университеттің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры Аманбай Сейітқасымов, ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тыныштық Мұқатқызы Ахметова, баспасөз хатшы Айдар Қожабаев, оқытушы-профессорлар мен білім ордасындасының өнер сүйер студент-жастары қатысты.

Салтанатты шараның шымылдығын проректор Аманбай Сейітқасымов өзінің құттықтау сөзімен ашып, университеттің өнерлі де талантты жастарын өнер мектебінің ашылуымен құттықтады.

Аманбай Асылбайұлы білім ордасында студент-жастардың сапалы да кәсіби білім алуларына, сондай-ақ ғылыми-мәдени және қоғамдық жұмыстармен айналысуларына университет әкімшілігі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалып отырғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар оқу ордасындағы бірқатар үйірмелер мен мәдени клубтардың белсенді жұмыс істеп жатқанын айта келіп, бүгінгі ашылып отырған ақындар клубының маңыздылығына тоқталды.

Ақындар клубының басты мақсаты – білім ордасындағы өнер сүйер жастардың басын қосу, университет ішінде ақындық орта қалыптастыру және жас қаламгерлерді шығармашылыққа баулу.

Университетімізде ашылып отырған ақындар клубына қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Еркеш Ибраhим атының берілуі тегіннен тегін емес. Кезінде Еркеш Ибраhим шығармашылығы туралы академик Серік Қирабаев: «Осы кезеңде қалам ұстаған қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыздарының бірі Еркеш Ибраhим – қазақ поэзиясының өрістеуіне, биік дәрежеге көтерілуіне мүмкіндігінше қомақты үлес қосты» - деп үлкен баға берген болатын. Сондай-ақ, ән құдіретін де, ән әуеніне, сазына қажет сөздің жанын білетін қазақ музыкасының жарқын тарихы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов қазақ көмейінде, жүрегінде мәңгі қалған әндеріне сөз жазғандардың ішінде Еркеш Ибраhимде бар, жас жағынан құрдас Шәмші Еркеш ақын сөздеріне «Ақ бидай маржан», «Биші қайың», «Кел Бурабайға», «Шынарым» әндерін жазған. Сөйтіп, өлең Еркештің өміріне айналды, өлең оның іші де, сырты да еді, ақынның өлеңдері сол күйінде бүгінге жетті.

Табиғаты ерекше сұлу қасиетті Көкше жерінде Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, ақын Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Көкен Шакеев, Баянғали Әлімжанов және т.б. бүгінде барша қазақ ұлтының мақтанышына айналып отырған дүлдүл ақындарымыз талай ән мен жырды төгілтіп, күй шерткен сал-серілердің киелі мекені. Енді міне, сол бабалар бастаған киелі де қасиетті сара жолды бүгінгі ұрпақ, яғни Шоқан атындағы білім ордасының өнерлі де талантты өнер сүйер студент-жастары жалғстырып отыр.

Мәдени шара барысында универсиеттің жас ақындары өздерінің қаламынан туындаған өлеңдерін оқып, өнерлі студенттер сахналық қойылым ұсынды. Сондай-ақ, қазақтың белгілі ақындарының поэзияларынан үзінділер келтіріп, жиылған қауымды жақсы көңіл-күйге бөледі.

Бүгінгі ақындар клубының салтанатты ашылуына Көкшелік ақындардан белгілі айтыскер ақын, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабеков, ақын-жазушы, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Ерболат Баят, жас ақын Қуаныш Оспанов арнайы келіп, білім ордасының дарынды жастарын құттықтап, өз тілектерін білдірді.

Мәдени шара соңында университеттегі ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тыныштық Мұқатқызы Ахметова кешке жиылған өнерлі студент-жастарды ерекше құттықтап, қазақтың салты бойынша ақ Батасын берді.

Сонымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тағы да бір өнерлі жастарымыз үшін мәдени орталық ашылып, үлкен қуанышқа бөледі.

Бүгінгі ашылып отырған ақындар клубының жас ақындар мен дарынды қаламгерлерімізге, сондай-ақ өнер сүйер студент-жастарымызға тигізер пайдасы зор деген ойдамыз.

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG

051220191507_1.JPG