Skip to main content
x

     

    2019 жылы 3 желтоқсан күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті политехникалық факультетінде «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушысы п.ғ.м.Макатов Ерхан Каиржанович институт деңгейінде 5В070400Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы ЕТБҚ- 61 тобының студенттерімен «Микропроцессорлық жүйелер мен желілерді жобалау» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

        Сабақтың мақсаты - студенттердің өткен пән тақырыптары бойынша білімін жинақтау және жүйелеу.

    Оқытушы Макатов Ерхан Каиржанович сабақтыжарыс түрінде эмоционалды-әдістемелік стильде өткізді.

  Ашық сабақтар ЖОО-да әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі. Сабақ «мұғалім – топ» түрінде ұйымдастырылды. Сабақ барысында ойынды үлгілеу элементтері болды және оқытудың интерактивті әдістері қолданылды.

    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағы - Lego Mindstorms EV3 микрокомпьютері, RobotC бағдарламасы, әдістемелік әзірлеуден, интерактивті құрал-жабдықтардан, презентациялардан және оқу-тарату материалдарынан толықтырылды.

    Студенттер екі топқа бөлінді. Әр топ ішінде бағдарлама жазуға және роботжинау үшінекіге бөлінді, үй тапсырмаларынан (слайдтар) дайындап, сұрақтарға жауап беру арқылы қорғады. Топтарда жұмыс жеке тапсырмалар негізінде жүргізілді.

     Сабақта қойылған негізгі максатағы EV3 микрокомпьютерге екі бірдей сенсорды қосу, лабиринттан өту бағдарламасын жазып үйрену толық орындалды, RobotC ортасында қарапайым циклдік алгоритмдерді құру туралы түсінік қалыптастырылды.

       Нәтижесінде студенттер сабаққа қызығушылық танытып, ондағы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg

061220191048_1.jpg