Skip to main content
x

Ғылыми-әдістемелік семинар

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіОтан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 9 қаңтар күні Көкшетау қаласы орта және орта арнаулы білім беретін мекемелердің мұғалімдері мен оқытушыларының қатысуымен «Жалпы  орта  білім  беретін   мекемелерде  ғылыми-тарихи және діни  тағылымның  мәселелері  мен  әдістері» атты өтті.

Шараның мақсаты - Орта және орта арнаулы білім беретін мекемелердің мұғалімдері мен оқытушыларының ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру және ғылыми жобалармен жұмыстың зерттеу дағдыларын қалыптастыру, Ақмола өңіріндегі діни ахуалды сараптау, білім беру саласына қажет тарих және дінтану мамандарын дайындау.

Ғылыми шара барысында т.ғ.д. профессор Қ.Қ.Абуев, т.ғ.к., доцент А.А.Сейтқасымов, т.ғ.к. доцент А.Т.Бексеитова, доцент М.З.Утегенов, аға оқытушы, тарих магистрі Ғ.М.Төлепбергенов, Көкшетау қаласы тарих пәнінің мұғалімдері оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі  А.Б.Абилкадыров мазмұнды әрі тартымды баяндамалар жасады.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің басшысы С.М.Серғазина мектеп мұғалімдеріне магистратураға түсу ережелерімен таныстырды.

Семинарға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер бойынша сұрақтарды ортаға салып, талқыланды.

Семинар соңында проректор Т.Н.Жарқынбеков қатысушыларға сертификаттар табыстады.

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg

150120201420_1.jpeg