Skip to main content
x

БА, КҚД және ҚББИ

Құрметті достар!

 

         Сіздерді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қосымша білім беру институтының (бұдан әрі – БА КҚД және ҚББИ) веб-сайтына қош келдіңіздер!

        БА, КҚД және ҚББИ - қосымша оқытуды қамтамасыз ету және әртүрлі санаттар мен салалардағы білім алушылар мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында құрылған.

        БА, КҚД және ҚББИ - бұл дегеніміз көп деңгейлі оқыту жүйесі, көптеген білім беру бағдарламалары ұйымдастырылған.

        БА, КҚД және ҚББИ - қуатты зияткерлік және шығармашылық әлеуеті жоғары педагогтар қауымы. Университетте зертханалар мен тиісті материалдық-техникалық базалар жұмыс жасайды.

        БА, КҚД және ҚББИ-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына сәйкес ұйымдастырылған. 23 қараша 2015 жылғы № 414-V ҚР Еңбек кодексі (01.01.2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелері. «Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 12019134 лицензиясы берілген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

         Заманауи білім беру технологияларын соның ішінде қашықтықтан оқыту және БА, КҚД және ҚББ институтының педагогтары оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып курстарды жүргізеді. Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының өзгергіштігі мен икемділік қағидаттары енгізілген.

 

Шарт нысаны

 

Біліктілікті артыру, кадрларды қайта даярлау және қосымша білім беру институты

 

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы біліктілікті артыру, кадрларды қайта даярлау және қосымша білім беру институты (бұдан әрі – БА, КҚД және ҚББИ) ғылыми-техникалық прогрестің, экономикалық дамудың, өндірістегі және әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістердің қажеттіліктеріне байланысты кәсіби білім мен дағдыларды тереңдету бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

ipk

Мақсаты - профессор-оқытушылар құрамын даярлау, кәсіби және педагогикалық шеберлікті арттыру және профессор-оқытушылар құрамын, сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер және әртүрлі санаттар мен салалардың мамандарын даярлау сапасын арттыру.

       

        Біліктілікті артыру саласындағы міндеттер:

Әр түрлі санаттағы және саладағы мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту.

Аймақтың даму ерекшелігін ескере отырып, кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру.

Кәсіби қызметтің жаңа түрін жүзеге асыру үшін қажетті қосымша білім, біліктілік, дағдылар алу.

Халықты жұмыспен қамту және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қосымша және кәсіби дамудың негізгі нысаны ретінде біліктілікті артыру, кадрларды қайта даярлау және қосымша білім беру үшін жағдайлар жасау.

Ағылшын - тілі деңгейлік курсы.

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін көтеру курсы.

         Дүниежүзілік және отандық тәжірибені, технологияларды, әдістер мен оқу құралдарын біріктіру арқылы жаратылыстану, гуманитарлық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, ауылшаруашылық және техникалық, пәнаралық мамандықтар бойынша біліктілікті артыру, қайта даярлауды және қосымша білім беруді жүзеге асырады.

        Курстар туралы

· БА, КҚД және ҚББИ курстар ұйымдастырады және өткізеді

· Курстар (36 сағат)

· Курстар (72 сағат)

· Кадрларды қайта даярлау (600 сағат)

· ҰБТ, КТА, докторантураға, магистратураға түсушілерге арналған тілдік курстардан өтуге дайындық.

        Оқу курстарын тәжірибесі мол, ғылыми дәрежелері мен атағы бар университет оқытушылары жүргізеді. Курсқа қатысушылардың университет кітапханасында жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Университетте тәжірибелік сабақтар өткізу үшін тыңдаушылардың кәсіби дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін көптеген зертханалар мен материалдық-техникалық базалар жұмыс жасайды.


Перечень курсов
Информационные письма

Жаналықтар

Кері байланыс

 

Қосымша ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыз ipk.kgu.kz

 

Байланыс мәліметтері:

 

БА, КҚД және ҚББИ жетекшісі- Оразбаева Кульдархан Оналбековна

Тел. – (87162) 25-14-11, ipk-kgu@mail.ru Көкшетау қ, Абая көшесі 76 кабинет 403

Методист - Жамбекова Жупар Ризаевна
ipk_kgu1@mail.ru Көкшетау қ, Абая көшесі 76 кабинет 402