Skip to main content
x

Тіркеу кеңсесі

Тіркеу кеңсесі - білім алушының оқу жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

Тіркеу кеңсесі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға, білім алушылардың білім сапасын бақылауға, білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алуға және статистикалық есептілікті дайындауға; жазғы семестрді ұйымдастыруға; академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жоюға; элективті пәндерді таңдауды ұйымдастыруға арналған.

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының мақсаты - барлық академиялық кезең бойы білім алушыларға (студенттерге, магистранттарға, докторанттарға) академиялық мәселелер бойынша кеңес беру;

- студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсету:

- академиялық мәселелерде білім алушыларды қолдау;

- студенттің сұрауы бойынша толық ақпарат беру (академиялық анықтамалар, транскрипт, оқудан шығару, көшіру, қайта қабылдау, академиялық демалыс).

Тіркеу кеңсесі және БАҚКО келесі міндеттерді орындайды:

- білім алушылардың оқу пәндеріне тіркелуін бақылайды;

- білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;

- білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастырады және өткізеді;

- эдвайзерлердің жұмысын үйлестіреді;

- білім алушыларға уақытлы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

- өтініштерді қабылдайды және тіркейді (дербес деректерді өзгертуге өтініш, академиялық демалысты ресімдеуге өтініш, академиялық демалыстан шығуға өтініш, өз қалауы бойынша оқудан шығаруға өтініш, ауысу туралы өтініш (ЖОО ішінде басқа мамандыққа, басқа оқу түріне), қайта қабылдау туралы өтініш (бұрын КМУ-ден оқудан шығарылған), қайта қабылдау туралы өтініш (басқа жоғары оқу орындарынан шығарылған), транскрипт туралы өтініш, оқу туралы анықтама беру туралы өтініш) және тиісті құрылымдық бөлімшелерге орындау үшін тиісті құжаттарды беру;

 - білім алушыларға ақпараттық көмек көрсету;

- мемлекеттік статистикалық есептілікті талдау және құру ( 3 НК, 1К), ҚР БҒМ университет әкімшілігіне ақпарат және есеп беру;

- білім алушылардың жеке істерін қабылдау, сақтау, өңдеу, беру және мұрағатқа беру;

- білім алушыларға сәйкестендіру нөмірлерін беру;

- білім алушылар контингентінің есебі және қозғалысы;

- академиялық анықтамаларды шығару және тіркеу;

- оқу үрдісінде босаған білім гранттарына үміткер білім алушылардың құжаттар пакетін қалыптастыру;

- босаған мемлекеттік білім гранттарын беру туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау;

- білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында академиялық демалысқа кетумен, мемлекеттік білім беру грантына ауысуды жүзеге асыру тәртібімен, академиялық анықтаманы және т. б. алуға байланысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

- білім беруді бизнес ортамен ықпалдастыру (жұмыс берушілердің әлеуеті мен тәжірибесін енгізу).

- дуалды оқытуды енгізу арқылы әлеуметтік әріптестікті дамыту.

- әлеуметтік әріптестерді, жұмыс берушілерді тарта отырып, диалогтық алаңдарды ұйымдастыру және өткізу.

 

Жетекші

Тажмиева Айжан Аликуловна

25-43-93

 

Әдіскер

Хасенова Тахмина Тургуновна

44-32-59

сoo_01.09.2018

@mail.ru

Әдіскер

Умарова Дамели Нурумжановна

Әдіскер

Шабанова Аида Жанахметкызы

Әдіскер

Анаева Жанар Турлыбековна

Әдіскер

Карыбаева Рымкул Мустафиновна

72-11-07

stud.otdel2017

@mail.ru

Әдіскер

Куликова Кымбат Ибрагимовна

Әдіскер

Шайжанова Асемгуль Бакытовна

adv@kgu.kz

 

11.jpg

11.jpg

11.jpg

11.jpg

11.jpg

жұмыс жоспары